logo
Қз

Еуразиялық банк сауданы қаржыландыру мақсатына Еуразиялық даму банкінен кредит желісін алды

Алматы, 2012 жылғы 29 қазан – «Еуразиялық банк» АҚ сауданы қаржыландыру мақсатына Еуразиялық даму банкінен (ЕДБ) жаңғыртылатын кредит желісін алғаны туралы хабарлады. 7 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі қарыз 5 жыл мерзімге беріледі. Аталған қаражат Банк клиенттерінің ЕДБ қатысушы-мемлекеттеріндегі сыртқы сауда операцияларын қаржыландыруға жұмсалады. Қаржыландыру АҚШ долларында, еурода, теңгеде, рубльде немесе ТМД елдерінің валютасында берілуі мүмкін.

Аталған келісім Еуразиялық банк үшін халықаралық сауда саласында жүрген клиенттерді қаржыландырудың сыртқы көздерін кеңейтетін қосымша құрал болып табылады. Сонымен қатар, бұл ЕДБ қатысушы-мемлекеттері арасындағы өзара сауданы кеңейтіп, осы арқылы олардың арасындағы интеграциялық процестерді нығайтуға көмектеседі.

Еуразиялық банктің жоғары беделі мен кредиттік тұрақтылығы Банк серіктестерінен лайықты бағасын алған, бұл соңғы екі жылдағы бизнесінің айтарлықтай кеңеюінен көрінеді. Нәтижесінде, 2011 жылдың басынан бастап-ақ 2012 жылғы қазанға дейін Банктің сауданы қаржыландыру желісінің жалпы көлемі 400% ұлғайды.

Осы жағдайды сөз ете отырып, «Еуразиялық банк» АҚ басқарма төрағасы Майкл Эгглтон: «ЕДБ мен Еуразиялық банк арасындағы ынтымақтастық — Қазақстан нарығында сауда-қаржылық операцияларды жаңғырту үшін маңызды оқиға. Біздің Банк пен ЕДБ арасында жасалғанға ұқсас келісім бірінші кезекте біздің клиенттер үшін пайдалы. ЕДБ-нің бизнестің осы бағыттағы бірінші серіктесі Еуразиялық банк болғанын біз мақтан тұтамыз» – деп атап өтті.

Еуразиялық банк пен ЕДБ арасындағы ынтымақтастық 2010 жылы қабылданған «ЕДБ-ның сауданы қаржыландыру құралдарын дамыту және қатысушы-мемлекеттер арасындағы өзара сауданы кеңейту бағдарламасы» аясында дамуда.

Еуразиялық банктің халықаралық квазимемлекеттік қаржы құрылымдарымен жасалатын жан-жақты өзара ынтымақтастықты кеңейтуі халықаралық сауда операциялар нарығының тұрақты және оңды даму серпінін қамтамасыз етеді және ұзақ мерзімді болашақта ТМД елдерінің арасындағы сауда байланыстарын дамытуға және нығайтуға мүмкіндік береді.

Анықтама үшін:
Еуразиялық банк – жоғары даму көрсеткіштерін айқындайтын қаржылық тұрақты банктік институт. Бүгінгі күні Еуразиялық банктің 18 филиалы мен 63 бөлімшесі және 1000 астам қызмет көрсету орындары бар. Елімізде өңірлік экспанция бағдарламасының аясында 2012 жылдың соңына дейін толық қызмет көрсету саласымен 2 филиал және 58 бөлшек қызмет көрсету орталықтарын ашу жоспарлануда. Алдағы екі жылда Банктің 2000 дейін қызмет көрсету орнын ашу көзделіп отыр. 2012 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Банктің белсенді клиенттер қоры 605 294 адамды құрады.

Банктің табысты қызметі осы жылы халықаралық қаржы басылымдарының Еуразиялық банкке тағайындаған Қазақстанның үздік банкі (Euromoney) және 2012 жылы Қазақстанның үздік бөлшек банкі (Asian Banking & Finance) марапаттарымен расталады.

«Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 259 95 99 (вн. 3288)
Inna.Dubrovina@eubank.kz
www.eubank.kz

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.