logo
Қз

Еуразиялық банк The Banker-дің болжамы бойынша «Қазақстандағы жыл банкі - 2014» марапатына ие болды

Беделді «The Banker» қаржылық басылымы Еуразиялық банкті тағы да «Қазақстандағы жыл банкі» деп атады. Аталған басылымның бірінші марапатына Еуразиялық банк 2012 жылы ие болған болатын.

 

«The Banker-дің» пікірінше, кейбір қазақстандық банктер тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіре отырып және әртараптандырылған дамушы бизнес ортада шығындарды бақылауға ала отырып, дағдарысты өздерінің операцияларын жетілдіру кезеңі ретінде пайдалана білді. Еуразиялық банк 2009 жылдан бері жетілдірілген стратегия мен жаңа басшылық командасының үйлесімі негізіндегі сенімді даму нәтижесінде тамаша табыстарға қол жеткізіп отыр.

 

«The Banker» басылымында: «2013 жылы Еуразиялық банк пайда өсімі 63%-ды құраған бір жыл бұрынғы қол жеткізген ұстанымды нығайта отырып, активтерді 25%-ға арттырды, ал таза пайда көрсеткіші 34%-ға өсті. 2013 жылы шығындарды бақылау тұрғысынан Банк стратегиясы күткен нәтижеге қол жеткізді: шығыстардың кірістерге арасалмағы (CIR) 55,2%-дан 51,4%-ға дейін қысқарды», – делінген. Сектор бойынша 8% деңгейіндегі орташа өсім қарқынында 2009 жылдан бері Еуразиялық банктің несиелік портфелі орташа есеппен жыл сайын 29%-ға артады» делінген. Банктің табысты даму факторларының бірі – бөлшек бизнестің белсенді дамуы екендігі атап көрсетілген.

 

1926 жылы негізі қаланған қаржы және банктік бизнес саласында мамандандырылған, ай сайын шығатын ағылшындық «The Banker» басылымы бүгінде ең беделді халықаралық басылымдардың бірі. «Bank of The Year» марапатына жаһандық экономиканың күрделі жағдайларына қарамастан нарық талаптарына сәйкес келетін және ең қарқынды дамушы банк институттары ие болады. Аталған марапат үздік банктерге үздік және сапалы өсім көрсеткіштері үшін, өз өңірінде банктік бизнесті дамытуға қосқан үлесі мен жоғары сапалы өнімдер және клиенттерге жоғары сапалы қызмет көрсеткені үшін тағайындалады.

 

Марапатқа ие болу туралы Банк Басқармасының төрағасы Майкл Эгглтон: «Біз бірнеше жыл қатарынан нарықта үздік қаржылық көрсеткіштер  мен көшбасшылық ұстанымды дәлелдеп отырмыз. The Banker-дің кезекті марапаты – біздің қол жеткізген табыстарымызды мойындау ғана емес, сондай-ақ біздің клиенттер үшін тұрақтылық пен сенімділікті, акционерлер үшін жоғары көрсеткіштермен тиімділікті  қамтамасыз ету үшін жасап отырған іс-әрекеттеріміздің жоғары бағалануы», – деді.

 

Анықтама:
«Еуразиялық банк» АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде 20 филиалы мен 146 бөлімшесі жұмыс істейді, Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі және Новосибирск қ. филиалы бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+, KZRating: халықаралық шкала бойынша ВВ+, ұлттық шкала бойынша А+, болжам «тұрақты». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі «Қазақстандағы жыл банкі» (The Banker), «Қазақстанның үздік банкі» – IAIR, 2014ж. «Қазақстанның үздік банкі» (EMEA Finance – 2013), 2013ж. «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» (Asian Banking & Finance), 2012ж. және 2013ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік банкі» (Euromoney) және 2012 ж. «Қазақстандағы жыл банкі» (The Banker) номинацияларындағы марапаттармен расталған.

«Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 3288)
press@eubank.kz
www.eubank.kz

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.