logo
Қз

Еуразиялық банктің 2014ж. пайдасы 11,4 млрд теңгені құрады

Еуразиялық банк 2014ж. жұмысын қорытындылады. ХҚЕС бойынша аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілікке сәйкес Еуразиялық банктің таза пайдасы 11,4 млрд теңгені құрады, ол 2013ж. салыстырғанда 13,1%-ға төмен. Қаржылық нәтиженің төмендеуі теңгенің АҚШ долларына қатысты 19% құнсыздануынан, сондай-ақ ТМД-дағы күрделі өтімділік жағдайынан туындаған қорға айналдыру құнының өсуі салдарынан болды.

2013ж. көрсеткіштерімен салыстырғанда провизиялар қалыптастырылғанға дейінгі операциялық кіріс 6%-ға артып, 54,5 млрд теңгені құрады. Таза пайыздық табыс 7%-ға, 40,2 млрд теңге деңгейіне дейін өсті (2013ж. – 37,6 млрд теңге). Банктің есептелген пайыздық табысына қарсы нақты алынған үлесі 2014ж. 89.9%-ды құрады.

Банк активтері 2014ж. 37.4%-ға, 808,6 млрд теңгеге дейін өсті. Міндеттемелер 40%-ға артып, 741,9 млрд теңгені құрады (2013ж. – 529,8 млрд теңге). 2014ж. соңындағы жағдай бойынша клиенттердің ағымдағы шоттары мен депозиттерінің үлесі міндеттемелер құрылымында 73,9%-ды көрсетті. Есепті кезеңде Банктің депозиттік портфелі  35.3%-ға, 548,5 млрд теңгеге дейін өсті.

Капиталдың тиімділігі (RoAE) және активтердің тиімділігі (RoAA) сәйкесінше 18.2%-ды және 1, 6%-ды құрады. Таза пайыздық маржа (NIM) бір жыл ішінде 8.8%-дан 7.2%-ға дейін төмендеді, ал операциялық шығыстардың операциялық кіріске арақатынасы 50,5%-дан 54,7%-ға дейін өсті. Көрсеткіштердің төмендеуі жоғарыда аталған қорға айналдыру құнының өсіміне байланысты болды.

  

2014ж. несиелік портфель 36%-ға, 588,2 млрд теңгеге дейін өсті. Жылдың соңында несиелік портфель құрылымында корпоративтік бизнес және ШОБ үлесі 49%-ды құрады. Бөлшек кредиттер портфелі бір жыл ішінде 32%-ға, 315,4 млрд теңгеге дейін өсті, бұл ретте жиынтық несиелік портфельдегі қамтамасыз етілмеген қарыздар үлесі 22.6%-ды құрайды. Бөлшек кредиттік сегменттің өсімі мен ақпан айындағы ақшаның құнсыздануына қарамастан NPL көрсеткіші (60 күннен аса мерзімі өткен қарыздар) бір жыл ішінде 14%-ға, 9,9%-дан 8,5%-ға дейін төмендеді. Бұл, әдетте қазақстандық нарықтағы ең төменгі мәндердің бірі болып саналады.

2014ж. Еуразиялық банктің меншік капиталы 13%-ға артып, 66,7 млрд теңгені құрады.  
Өткен жыл Банк дамуындағы маңызды кезең болды: алғаш рет бірегей белсенді клиенттер қорымиллиондық межеден асты. Жылдың соңында клиенттер саны 1,1 млн құрады, ол 2013ж. соңымен салыстырғанда 31%-ға артық. Бір жыл кезеңінде шоттар саны 51.9%-ға, 2,1 млн дейін өсті.

Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Майкл Эгглтон 2014 жыл оңай болмағанын атады. Банктің қаржылық көрсеткішіне теңгенің 19%-дық құнсыздануы мен қарыз қаражатының айлықтай өсімі әсер етті. «Қол жеткізген нәтиже 2014ж. жоспарланған бастапқы болжамға жетпейді, бірақ құнсызданудан кейін жасалған болжамнан асады. Солай бола тұра, мен жыл қорытындысына разымын. 2015ж. қажырлы еңбекті талап етеді, себебі өтімділік пен валюта бағамдары мәселелері өзекті болып қала береді».

Анықтама: 
«Еуразиялық банк» АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде 20 филиалы мен 143 бөлімшесі жұмыс істейді. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі және Новосибирск қ. филиалы бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+. KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі келесі аталған номинацияларындағы наградалармен марапатталған: «Қазақстанның үздік банкі» – IAIR, 2014ж., «Қазақстанның үздік банкі» – EMEA Finance, 2013ж.,  «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» – Asian Banking & Finance, 2012 және 2013ж.ж., «Қазақстанның үздік банкі» – Euromoney, 2012ж. және «Қазақстандағы жыл банкі» – The Banker, 2012 және 2014жж.

Еуразиялық банктің Баспасөз қызметі:
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 3288)
press@eubank.kz
www.eubank.kz


Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.