logo
Қз

Еуразиялық банктің клиенттері салықтар мен айыппұлдарды он-лайн арқылы төлей алады

Еуразиялық банк SMARTBANK банкингтің он-лайн жүйесінде «Бюджетке төлемдер» жаңа сервисін іске қосты. Енді клиенттер Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін салықтар мен айыппұлдарды тікелей компьютерден немесе ұялы байланыс телефонынан төлей алады. Бұл үшін SMARTBANK-қа қосылуы және шотта қажетті сомасының болуы жеткілікті. Бұдан басқа SMARTBANK жүйесінде Қазақстанның барлық өңірлерінде тіркелген бұзушылықтары үшін айыппұлдары туралы ақпарат алуға болады.

 

Айыппұлдарды төлеу үшін жүргізушіге тек ЖСН-і мен келесі параметрлердің бірі –жүргізушілік куәлігінің нөмірі, хаттаманың нөмірі немесе техникалық паспортының нөмірімен көлік құралының тіркеу нөмірі талап етіледі. SMARTBANK арқылы жүргізілген төлем туралы ақпарат жол полициясының деректер базасына бірнеше секундтың ішінде түседі.

 

«Бұл, өте қолайлы, айыппұлды енді банкке бармай-ақ және шаршататын кезекке тұрмай-ақ жол полициясының инспекторының тікелей көзінше төлеуге болады. Біз клиенттердің Еуразиялық банктің жаңа сервисін таяу уақыттарда бағалайтынына сенімдіміз», – деп әңгімелейді Еуразиялық Банктің басқарушы директоры Бертран Госсар.

 

SMARTBANK жүйесінде күнделікті 10 000-ға жуық жаңа клиенттер тіркеледі. Қазір олардың саны 140 мыңнан асады. Күнделікті SMARTBANK-та екі мыңнан аса операциялар жасалады. SMARTBANK пайдаланушыларының арасында төлемдердің ең көп тараған түрі ұялы байланыс операторларының қызметіне, коммуналдық қызметтерге, интернет-провайдерлерге және букмекерлік кеңселерге ақы төлеу болып табылады.

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.