logo
Қз

Еуразиялық банктің клиенттері миллионнан асты

2014 жылғы 7 шілдеде банк табалдырығын мерейлі, миллионыншы клиент аттады: күн қорытындысы бойынша банктегі белсенді клиенттер саны – жеке тұлға клиенттерді, ШОБ субъектілері мен корпоративтік клиенттерді қоса, 1 000 105 адам. Бар болғаны үш жарым жыл ішінде Еуразиялық банктің белсенді клиенттер қоры 5,6 есе өсті. 2011 жылдың басында Еуразиялық банкте небәрі 177 мың клиент болды, оның 35% ENRC тобы кәсіпорындары мен олардың қызметкерлерінің үлесінде болатын (қазір мұндай клиенттердің үлесі 9% жуық). Бір жылдан кейін клиенттер саны 482 мыңды (өсім 2,72 есе) құраса, ал 2014 жылдың басында екі есеге дерлік – 867,5 мыңға дейін артты.

 

Клиенттік қордың қарқынды өсуі – Банктің барлық сегменттің клиенттерімен белсенді жұмысының нәтижесі: корпоративтік клиенттер – қазынашылық операциялардан бастап компаниялар мен кәсіпорындардың қызметкерлеріне арналған өнімдерге дейін – банктік өнімдердің көптеген түрлеріне қолжетімділікке ие. Банк ШОБ-ты қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларға белсенді түрде қатысады. Бөлшек клиенттер қорының ұлғаюы сапалы және талап етілген өнімдерді ұсынумен және 20 филиалдан, 145 бөлімшеден, 3371 сату орнынан, соның ішінде  1290 POS-терминал мен 439 банкоматтан тұратын тұғырнаманы қолданысқа енгізумен байланысты.

 

Жетістікке баға бере отырып, Басқарма Төрағасы Майкл Эгглтон былай деді: «Еуразиялық банктің клиенттік қоры Банк дамуындағы жаңа кезеңді қамтамасыз ете отырып, миллионнан асты. Біз бұл атаулы межені 2011 жылдан бері мақсат еткен болатынбыз. Мен барлық қызметкерлерге алғыс айтамын, себебі солардың жұмысының арқасында Еуразиялық банкті таңдаған  компаниялар мен тұрғындар қатарындағы клиенттер саны күн сайын арта түсуде».

 

Банк Жаздың соңында жаңа  Renault Sandero Stepway көлігін мініп қайтатын миллионыншы бөлшек клиентін қарсы алуды жоспарлап отыр. Айта кетер болсақ, Еуразиялық банк Қазақстанның экономикалық тұрғыдан белсенді халқының 9,2% жуығына қызмет көрсетеді (Ұлттық статистика агенттігінің 2014 жылдың басындағы деректері бойынша 16 жастан зейнеткерлік жасына дейін).

 

Банк 2012 жылдың басында клиенттердің банктік операцияларының көпшілігін өздігінен жүргізуге қолайлы Smartbank қашықтықтан қызмет көрсету жүйесін қолданысқа енгізді. 2014 жылғы маусым айында Банк осы клиенттер үшін жоғары дәрежелі қорғаныстағы интернет-банкинг дербес инновациялық мобильдік қосымшаны ұсынды.
Еуразиялық банк 2016 жылдың соңында жаңа клиенттік қорды өнімдердің, бастысы әртүрлі топтағы клиенттер үшін тартымды талаптармен кредиттік және дебеттік карталардың кең таңдауы есебінен 1,5 миллионға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

 

Анықтама: 
«Еуразиялық банк» АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде 20 филиалы мен 143 бөлімшесі жұмыс істейді, Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі және Новосибирск қ. филиалы бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+, KZRating: халықаралық шкала бойынша ВВ+, ұлттық шкала бойынша А+, болжам «тұрақты». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі «Қазақстанның үздік банкі» (EMEA Finance – 2013), 2012ж. және 2013ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» (Asian Banking & Finance), «Қазақстанның үздік банкі» (Euromoney) және 2012 ж. «Қазақстандағы жыл банкі» (The Banker) номинацияларындағы марапаттармен расталған.

 

«Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 4802)
press@eubank.kz
www.eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.