logo
Қз

Еуразиялық банктің таза пайдасы бір жарым есеге өсті

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша шоғырландырылған қаржылық есепке сәйкес «Еуразиялық банк» акционерлік қоғамының Қазақстан мен Ресейдегі 2012 ж. қызметі нәтижесіндегі таза пайдасы бір жыл бұрынғымен салыстырғанда бір жарым есеге өсіп, 9,8 млр.теңгені құрады. Бұл Еуразиялық банктің 18 жылғы тарихындағы ең жоғарғы пайда көрсеткіші болып саналады.2011 жылдың қорытындысы бойынша алдыңғы рекорд 6,04 млрд.теңгені құраған болатын. Осылар туралы бүгінгі баспасөз конференциясында «Еуразиялық банк» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Майкл Эгглтон мырза мәлім етті.

Өткен жылғы таза пайданың өсіміне корпоративтік клиенттер, шағын және орта бизнес пен бөлшек бизнес тарапынан несие портфелі құрылымындағы сапалы кредиттер үлесін арттыру ықпал етті. Кредит портфелі мен платформасының өсімі жағдайында банк таза пайыздық маржаның оң серпінділігін сақтай алды – ол 2011 жылмен салыстырғанда 26,2% өсті, табыс пен шығыс арақатынасын 60% деңгейінен кемітпей 55% белгісінде ұстай отырып, 7,7 % құрады.

2012 жылы Еуразиялық банк тәуекелдерді басқару жүйесін нығайтуды жалғастырды. Проблемалы кредиттер көлемі (90 күн және одан да аса мерзімі кешіктірілген) берілген қарыздардың жалпы мөлшерінің 6,9 % құрады – бұл Қазақстанның банк жүйесіндегі ең төменгі көрсеткіштердің бірі. Аталған көрсеткіш 2011 жылы 7,6 % құраған болатын.

«Еуразиялық банктің табысы – дағдарысқа қарсы менеджменттің ұтымдылығы мен команданың тиімді еңбегінің нәтижесі»,- деп атап өтті басқарма төрағасы Майкл Эгглтон мырза. Соңғы үш жылдың ішінде Банк оң серпінділікті даму бағытын ұстанған. Мемлекет тарапынан қолдауға жүгінбей-ақ, Банк әлемдік қаржы дағдарысының келеңсіз ықпалын жеңе білді: дағдарысқа дейінгі уақытпен салыстырғанда Банк активтері үш есеге жуық артты.

2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Банк активтері 471 млрд теңге (2009 жылы 321 млрд теңге) соманы құрады. Банктің меншік капиталы 2009 – 2013 жылдар аралығында екі есе, яғни 47,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Клиент депозиттерінің жалпы сомасы жыл басында 314,7 млрд теңгені құрады (2009 жылы 240,6 теңге).

Банктің 2012 ж. бойынша тиімділігі (ROaE) 24,7 % құрады, бұл орташа нарықтық жоғары көрсеткіш болып саналады. 2013 жылдың бірінші тоқсаны да қарқынды даму бағытын айқындайды: жиынтық таза пайда (ҚР ҰБ бойынша) 2013 жылғы ақпан мен наурыз аралығында 3,2 млрд теңге, ол Еуразиялық банктің өткен жылдың осыған ұқсас кезеңдегі көрсеткішінен 126,9% артады. Бірінші тоқсанда жеке тұлғалар салымдарының портфелі 108,7 млрд. теңге деңгейіне дейін 11,4% өсті.

2013 жылы Банк нарықта белсенді экспансиясын жалғастырып, жұмыс тиімділігін одан әрі арттыруды көздеп отыр. «Біздің алдымызда көптеген мақсат бар: заманауи және сұраныстағы өнімдердің көптеген түрлерін ұсыну, инфрақұрылым мен клиенттерге қызмет көрсету сапасын жетілдіру, операциялық тәуекелдерді төмендету. Біз 2013 ж. таза пайданы 12 млрд теңге (80 млн $) деңгейінде қамтамасыз етуді көздеп отырмыз (салықтар төленген соң)», – деп атап өтті Майкл Эгглтон мырза. Оның пікірінше, бүгінгі күні Банкте әртүрлі сегменттер бойынша жеті жүз мыңнан аса белсенді клиентке қызмет көрсетіледі, бұл ретте жалпы клиенттік база 1,24 млн. құрайды. Банк болашақта белсенді клиенттер базасын миллион адамға дейін арттыруды жоспарлауда.

 

«Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 259 95 99 (вн. 4802)

Malika.Buldekbayeva@eubank.kz
www.eubank.kz

Қосымша

Кесте: Еуразиялық банк құрылған сәттен бастап негізгі қаржы көрсеткіштерінің даму серпінділігі

Кезең

Жиынтық таза пайда *

Жыл сайынғы орташа таза кіріс

Капиталдың жылдық мәндегі тиімділігі (ROaE)

1994-2009

2,7 млрд теңге

0,2 млрд теңге

1,90%

2010-2012

17,0 млрд теңге

5,7 млрд теңге

16,1%

2010-2013
1 тоқсан

20,2 млрд теңге

6,2 млрд теңге

18,0%

* ҚР ҰБ стандарттарының есептілігіне сәйкес

 

2012 жылдың негізгі қорытындылары:
Еуразиялық банк клиенттердің операцияларын жүргізу уақытын бірнеше есе қысқартуға мүмкіндік беретін кредитті өтеуге арналған алғашқы терминалдар мен «электронды кассирлерді» қолданысқа енгізді.

Алғашқы кобрендингілік жоба – VISA Alser Like IT төлем картасы іске қосылды. Оны ALSER дүкендер желісінде бонустар алу үшін, дүниежүзі бойынша сауда орындарында тауарлар мен қызметтерге төлем жүргізу үшін, сондай-ақ VIZA картасын қолдануға болатын банкоматтардан қолма-қол ақша алу үшін пайдалануға болады.

Жаңа Private Banking клиенттеріне дербес қызмет көрсету орталығы ашылды.

«Болашақ филиалы» ауқымды жобасы аясында 2012 жылғы қарашадан бастап Еуразиялық банк 37 жаңа бөлімше ашу есебінен өзінің Қазақстан аумағындағы желісін кеңейтті. Ағымдағы күнге жаңа бөлімшелер саны – 47, ал 2013 жылдың соңына дейін тағы да 48-і ашылады.
Еуразиялық банктің Ресейдегі (Мәскеу) еншілес банкісі жылды 37,9 млн. рубль мөлшеріндегі табыспен аяқтап, клиенттер саны бойынша сонымен қатар операциялар көлемімен тұрақты дамуды көрсетті.

Standard & Poor’s халықаралық рейтингілік агенттігі «тұрақты» болжамымен Еуразиялық банктің В+ рейтингін растады.

Банктің 2012 жылғы табыстылығы үш беделді халықаралық қаржылық басылымдардың марапаттарымен расталды: Қазақстанның үздік банкі (Euromoney), Қазақстанның үздік бөлшек банкі (Asian Banking & Finance) және Қазақстандағы жыл банкі (The Banker).

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.