Еуразиялық Банк тұсаукесері 2010 жылғы 6 және 7 желтоқсанда Алматы мен Астана қалаларында өткен әйгілі француз актері Жерар Депардьенің қатысумен түсірілген «Күтпеген махаббат» фильмінің бас демеушісі болды. Депардье мырзамен кездесу кезінде Банк өкілдері актерге Eurasian Visa Infinite Diamond Card гауһар картасын сыйға тартты.
6 желтоқсанда мемлекет басшысы Нурсултан Назарбаев Астанадағы «Күтпеген махаббат» жаңа көркем фильмінің тұсаукесері өткен «Қазақстан» Орталық концерт залында болды. Алматыдағы «Арман» кинотеатрындағы тұсаукесерге оңтүстік астана Әкімі Ахметжан Есимов қатысты.
«Күтпеген махаббат» – біздің қарттарымыздың қазіргі күндері, олардың өмірдегі мәселелері мен ауыртпалықтары, ізгі де таза қарым-қатынастары, қуаныштары мен ертеңгі күнге деген үзілмес үміттері жайындағы лирикалық хикая. Фильм өздерінің ескі достары Қалтайды қалай да үйлендіру керек деп шешкен жолдастар туралы әңгімелейді. Олар жақында ақылға сиымсыз, бірақ көңілді оқиғалар иіріміне тап болатынын сезбейді.
Фильмнің Алматыдағы тұсаукесері алдында болған салтанатты қонақасы кезінде «Еуразиялық банк» АҚ (www.eubank.kz) делегациясы Депардье м-ға беделді Visa Infinite қатарында жасалған Eurasian Diamond Card гауһар картасын сыйға тартты. Eurasian Diamond картасы таза алтынмен және салмағы 0,02 карат нағыз гауһармен әшекейленген.
«О, бұнда алтын жүрек салынған! – деп Депардье картаға қарай отырып таңданысын жеткізді. – Біздің бүгінгі ұсынып отырған фильміміз махаббат туралы, кинокартинаның нышаны да – жүрек. Осындай ғажайып дәлдік. Бірақ фильм азшылық етті! Менің Қазақстанда кездестірген адамдардың барлығы алтын жүректі. Қазақстандағы менің жұмысым туралы және осында мен кездескен барлық мейірімді адамдар туралы еске түсіретін тиімді әрі қолайлы сый үшін Банкке алғысымды білдіремін!»
«Еуразиялық Банктің Гауһар картасы өте дәулетті клиенттерге арналған ең жоғарғы өнім болып табылады. Бүгін оны біз актер Жерар Депардьеге, оның талантына тәнті екендігімізді танытып сыйға тартып отырмыз,» – деп атап өтті Басқарма Төрағасы Майкл Эгглтон.
«Фильмді түсіру барысында Депардье м-а француз тілінде сөйлесе, фильм кейіпкерлері оған қазақша жауап беріп жүрді, алайда олардың барлығы бірін-бірі жақсы түсіністі. Жер шарының кез келген нүктесінде өзін жайлы сезінетін және әрбір адаммен тез тіл табысатын Депардье м-ға әмбебап және қолдануы қарапайым несие картасы аса қажет. Біздің Банктің Гауһар картасы – кез келген мемлекеттің азаматы әлемнің кез келген түкпірінде қолдана алатын ғаламдық, әлемдік деңгейдегі бәсекелесуге қабілетті өнім. Дәл осы себепті, біз бүгін оны қонағымызға тарту етіп отырмыз,» – деді Еуразиялық Банктің Атқарушы Директоры Дмитрий Николин.
Талгат Абдухаликов – Еуразиялық Банктің төрағасының орынбасары, Жерар Депардье, Дмитрий Николин – Атқарушы Директоры.
Әйгілі актер Қазақстандағы өзінің жұмысы туралы айтып өтті. Түсірілімдер өткен орындар – Шымкент қаласына жақын маңдағы ауылдық жер актерге өте таныс болып көрініпті.
«Менің туған елім Франция мен Қазақстан – екі өте ұқсас елдер. Шымкенттің қасындағы түсірілімдер ауылдық жерлердегі менің балалық шағымды есіме салды. Тұрмыстың қарапайымдылығы, жанұялық құндылықтар, үлкендерге ілтипат пен айналадағы мейірімді адамдардың күлімдеулері – барлығы мен үшін өте жақын және таныс. Өкініштісі, менің қазақ тілінде сөйлемеуім! Қазақ тілі – әдемі, әуенді тіл. Маған ол дыбысталуы бойынша француз тіліне өте ұқсас секілді. Мен бұдан әрі қарай да қазақстандық режиссерлермен жұмыс жасап, осында неғұрлым көп түскім келеді. Сіздердің тілдеріңізді аз да болса үйренем деген үміттемін!» – деп Депардье м-а Алматыдағы фильмнің тұсаукесерінің құрметіне жайылған салтанатты қонақасы кезінде өз ойымен бөлісті.
Фотограф: Александр Безуглых