2010 жылы Еуразиялық Банк несие қоржынының өсу қарқыны бойынша отандық банктер арасында бірінші орынды иеленді.
Алматы, 2011 жыл 12 сәуір – «Еуразиялық банк» АҚ бүгін Халықаралық қаржылық есептеме стандарттарына (ХҚЕС) сай аудиттелген шоғырланғанбаған есептеме мәліметтеріне сәйкес 2010 жылдағы өз қызметінің нәтижелерін жариялады. Банк дағдарыстан кейінгі дамудың күрделі экономикалық жағдайларында негізгі қаржы көрсеткіштерінің оң беталысын көрсете алды.
Мәселен, Банк активтері есепті кезеңде 11%-ға ұлғайып, 2010 жылдың соңында 355,5 млрд теңгені құрады. Банктің жиынтық капиталы 2009 жылмен салыстырғанда 7%-ға артып, 25,9 млрд теңгеге жетті.
Банк активтерінің өсімі негізінен 2009 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 36%-ға артқан несие қоржыны көлемінің артуына байланысты болды және 212,7 млрд теңгеге жетті. Тұтас алғанда ҚР екінші деңгейдегі банктері бойынша 2010 жылы несие қоржыны 5,9% төмендеген.
Корпоративтік секторды несиелеу 68 %-ға артып, 2011 жылғы 1 қаңтарға шаққанда несие қоржынының жалпы көлемінің 59%-ын құрады. Салыстырар болсақ, 2010 жылдың басында корпоративтік сектор үлесі Банктің жиынтық несие қоржынының 48%-ын құрады. Корпоративтік несие қоржынының айтарлықтай өсімі 2010 жылы Банктің несие тарихы жақсы ірі корпоративтік клиенттерге басым көңіл бөлуіне байланысты болды. Бұл қадам қаржы ауыртпалығы кезінде шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру кезінде тәуекелдіктерді азайту (жиынтық несие қарызының 11%) және бөлшек сегментті несиелеу (несие қоржынының жалпы көлемінің 30%) қажеттігінен туындаған.
Осылайша, 2010 жылдың қорытындысы бойынша корпоративтік сектордың жиынтық несие қарызы 129,0 млрд теңгені, бөлшек сегмент үлесі – 59,1 млрд теңгені және шағын және орта бизнес секторының несие қоржыны – 24,6 млрд теңгені құрады.
Банктің 2010 жылғы нәтижелі жұмыстарының бірі шығынды болған 2009 жылдан кейін табыстылық аймағына қайта оралу болды. Мәселен, 2009 жылғы 13,0 млрд теңге көлемдегі шығынға шаққанда, 2010 жылдың қорытындысы бойынша таза табыс 771,4 млн теңгені құрады. 2009 жылдың шығындары Банктің жаңа топ менеджменті жүргізген несие қоржынын қайта бағалау және құрылымдау салдарынан болғаны мәлім.
Оның үстіне, 2010 жылдың қорытындысы бойынша таза пайыздық кіріс 38%-ға ұлғайып, былтырғы жылғы бірінші санатты несие қоржынының белсенді өсімі нәтижесінде 5,8 млрд теңгені құрады (2009 жылдың қорытындысы бойынша 4,2 млрд).
2010 жылы Банк алдындағы кезек күттірмейтін міндеттердің бірі несие қоржынының сапасын біршама жақсарту болатын. Осы міндетті шешу шеңберінде тәуекелдік менеджмент департаментінің жұмыс тиімділігін арттыру жөнінде шаралар жүзеге асырылды.
Оның ішінде, қарызгерлер сапасының нашарлауының ертерек алдын алу жүйесі және клиенттердің несие өтінімдерін өңдеу үшін бірыңғай процессинг орталығы құрылды. Соның нәтижесінде, төлем мерзімі 90 және одан көп күнді құрайтын әрекетсіз несиелер көлемі 58%-ға төмендеп, 2011 жылдың 1 қаңтарында жиынтық несие қоржынының 7%-ын (14,1 млрд теңге) құрады. Қайта құрылымдалған несиелер үлесі 01.01.2010 жылға шаққанда несие қоржынының 30%-дай мөлшеріне 01.01.2011 жылғашаққанда 14%-ға төмендеді.
Несиелер бойынша ықтимал шығындарға провизия үлесі жиынтық несие қоржыны сомасының 9,1%-ын құрады, бұл оқшауланған берешек деңгейінен 1,4 есе асып түседі (7%).
«Еуразиялық банк» АҚ пассивтер құрылымында клиенттердің 244,1 млрд теңге сомадағы ағымдық шоттары мен депозиттері 2010 жылдың соңына шаққандағы Банктің барлық міндеттемелерінің 74,1%-ын құрайды. Банк депозиттерінің 2009 жылмен салыстырғанда 1,5%-ға аздап ұлғайған қоржын құрылымында айтарлықтай өзгерістер болды. Мәселен, жалпы депозиттер сомасындағы бөлшек депозиттер үлесі 13,7%-ға қысқарды, ал заңды тұлғалардың депозиттер көлемі 12,3%-ға өсті.
Бөлшек депозиттер үлесінің қысқаруы қорландыру құнын төмендету және шамадан тыс өтемпаздық қысымынан болатын кері әсерді азайту мақсатында 2010 жылдың басынан бері жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар нәтижесінде болды. Бұл бағдарлама шеңберінде жеке тұлғалардың депозиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелер айтарлықтай қысқарып, олардың жылыстауына әкелді. Мұнымен қоса, Банк корпоративтік клиенттердің депозиттер үлесін, біршама төмен сыйақы мөлшерлемелерін арттырумен белсенді түрде жұмыс жүргізуде.
Банктің 2010 жылғы жұмыс қорытындыларына түсінік бере отырып, Басқарма төрағасы Майкл Эгглтон: «2010 жылы Еуразиялық Банк алдында активтердің сапасын жақсарту, тиімді қайта құрылымдау және проблемалы несиелерді қайтару, қарызгерлер сапасына сүйене отырып несие қоржынын ұлғайту, шығыс операцияларды оңтайландыру есебінен бизнес табыстылығын арттыру жөнінде күрделі стратегиялық міндеттер тұрды. Бүгінгі таңда біз бұл міндеттер табысты түрде жүзеге асқанын зор мақтанышпен айта аламыз!», – деп атап көрсетті.
«Еуразиялық банк» АҚ өтімді қаражаттардың қажетті қорын қолдайды, акционерлер, мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар ұсынатын қосымша қаржы көздеріне мүмкіндігі бар.
2011 жылдың 1 қаңтарына шаққанда Банкте 15 мың корпоративтік клиенттерге және 237,4 мың жекелеген клиенттерге қызмет көрсетілді.
«Еуразиялық банк» АҚ-ның Халықаралық қаржылық есептеме стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес аудиттелген шоғырланғанбаған есептемесі Банк сайтында толық берілген: www.eubank.kz
«Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 259 79 00 (3288)
Inna.Dubrovina@eubank.kz
www.eubank.kz