logo
Қз

Еуразиялық Банк Алматы қ. жаңа бөлімше ашты

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

2013 жылғы 28 қаңтарда Алматы қ. «Прайм Плаза» сауда-ойын-сауық орталығының ғимаратында Еуразиялық Банктің жаңа Бөлшек қызмет көрсету орталығының тұсаукесері салтанатты түрде өтті. Бұл оқиға Банктің дамуының және оның бөлшек желілерінің кеңеюінің кезекті айғағы болды. Жаңа бөлімшенің ашылуы қазіргі және әлеуетті клиенттердің күткендеріне сәйкес ұсынылатын қызметтердің сервисінің сапасын жақсартуға бағытталған. Банктің жаңа № 612 бөлімшесі Райымбек даңғылы, 514А мекенжайы бойынша жұмыс істейтін болады.

Алматы қ. ашылған № 612 бөлімше сапалы сервистің, технологиялық жаңашылдық пен эстетикалық дизайнның өзара серпінді синергиялық бірлігін көрсетеді. Еуразиялық банктің инновациялық БҚО – ықшам аумақта биік жайлылықта банктік қызмет көрсетудің ең жоғары мүмкін жинақталымы. Орталық клиенттер үшін қаржы әлеміндегі жолсерік болады және тәулік бойы карта шотын толықтыруға, төлемдер жүргізуге, сондай-ақ банктің кез келген басқа қызметін пайдалануға мүмкіндік береді.

Еуразиялық Банк 2013 жылдың ақпан айынан бастап қолма-қол ақшаны өңдеу бойынша – қайта санау, номиналдары мен тозуы бойынша сұрыптау, банкноттарды сақтау бойынша барлық практикалық операцияларды орындайтын жоғары жылдамдықты автоматтандырылған аппараттардың – Электрондық кассалық рециркуляторлардың (ЭКР) қызметін енгізген Қазақстандағы банк саласының алғашқы қарлығашы болды. ЭКР-лардың ақшаны қайта санауда және оның түпнұсқалығын тексеруде қол еңбегін тұтастай ауыстыратынын атап өту қажет. Жаңа № 612 бөлімшенің клиенттері «менеджер-касса-менеджер» процесінің өткеннің қалдығына айналып, ЭКР-дың қолайлығына өздері анық көз жеткізе алады, басымдылығын айқын сезінеді. Бұдан былай төлем жүргізу үшін клиенттің кезекте өз уақытын жоғалтуы қажеттігі толықтай жойылып, ЭКР арқылы ақша сомасын жүргізудің жеткіліктігі менеджерге төлемді сол сәтте тіркеуге мүмкіндік береді.

Еуразиялық Банктің жаңа Орталығының құрамдас бөлігі ретінде «жайлылығын» ерекше атап өту қажет. Жайлылық – бұл жаңа бөлімшелердің шешуші буындарының бірі. БҚО ғимаратының орналасуының ықшамдылығы әрі қолайлылығы сол, осы шағын аумақта адасу мүмкін емес. Онда 24 сағат бойы жұмыс істейтін өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы, Сервис-Гид тіреуі және құпия келіссөздерге арналған арнайы орындар орналастырылған. Оның үстіне, БҚО концепциясы болашақта жұмсақ отырғыштары бар қолайлы демалыс орындарының, балалар алаңы мен ақпараттық экранның болуын болжайды.

БҚО шеңберінде қазіргі клиенттерге де, сондай-ақ жаңа клиенттерге де бөлімшеде бағыт көрсететін қаржы кеңесшілерінің ерекше штаты енгізілгенін атап өткен орынды болар. Клиенттер Банкке келген кезде: неден бастасам екен? қай қызметкерге барсам болады? банкомат арқылы коммуналдық төлемдерді қалай жүргізсем? – деп абыржып қалады. Еуразиялық қызметкерлер гидтің рөлін өздеріне алып, клиентті қаржылық мақсаттағы пунктке тез және сенімді «жеткізеді».

Алматы қ. «Прайм Плаза» сауда-ойын-сауық орталығының ғимаратында орналасқан Еуразиялық Банктің жаңа Бөлшек қызмет көрсету орталығының мекенжайын естеріңізге саламыз: Райымбек даңғылы, 514А. Қолайлы жұмыс кестесі (жұмыс күндері – дүйсенбіден жұмаға дейін 10.00-ден – 20.00-ге дейін (үзіліссіз), демалыс күндері – 10.00-ден 16.00-ге дейін (үзіліссіз) Банктің қызметтерін барлық клиенттер үшін қолжетімді жасайды.

Еуразиялық Банк туралы: 
Клиенттерге барлық буындарда өнімдер мен қызметтерді ұсынатын әмбебап банк. Банк 1994 ж. құрылған, Қазақстанның барлық өңірлерінде 20 филиалдары және 120 бөлімшелері бар. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі бар. Соңғы рейтингі «тұрақты» болжамымен S&P: В+ . KASE мүшесі, KazPrime қатынасушысы.

Қазақстанның үздік банкі (Euromoney), Қазақстанның үздік бөлшек банкі (Asian Banking & Finance) және Қазақстанның Жыл банкі (The Banker) атауларымен марапатталуы – Банктің 2012 жылғы табысты қызметінің айқын дәлелі.

«Еуразиялық банк» АҚ баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 259 95 99 (ішкі 4802)

Malika.Buldekbayeva@eubank.kz
www.eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.