logo
Қз

Еуразиялық банк BankPozitiv-ті сатып алу бойынша мәмілені аяқтады

31.12.2015, Алматы. – Еуразиялық банк БанкПозитивтің 100% акциясының иесі атанды. «БанкПозитив Қазақстан» АҚ-тың жай акцияларын сатып алу-сату мәмілесі 2015 жылғы 30 желтоқсанда тіркелді.

 

БанкПозитив Еуразиялық банктің құрамында еншілес банк ретінде жұмысын жалғастырады, алайда 2016 жылдың басында Еуразиялық банкке қосылу процесі басталады.

 

«Мәміле жасау кезінде БанкПозитивті сатып алу Еуразиялық банкке синергетикалық нәтиже беретіні және Қазақстанның банктік сектор тарихында банктердің мінсіз қосылуының үлгісі ретінде қалатыны туралы пікіріміз одан әрі нығая түсті. 2015 жылды Позитивпен бірге аяқтағанымызға қуаныштымыз», – деп атап өтті Еуразиялық банктің Басқарма Төрағасы Майкл Эгглтон.

 

Анықтама:

 

Еуразиялық банк — барлық сегменттің клиенттеріне өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 ж. іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде бөлімшелері бар. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі және Новосибирскте, Челябинск пен Омбыда филиалдары бар. S&P соңғы рейтингі: «тұрақты» болжамымен В. KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.

 

Банктің табысты қызметі халықаралық басылымдардың келесі аталған номинацияларындағы наградаларымен марапатталған – «Қазақстанның үздік банкі» – IAIR, 2014 ж., «Қазақстанның үздік банкі» – EMEA Finance, 2013 ж., 2014 ж. «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» – Asian Banking & Finance, 2012, 2013 және 2015 ж., «Қазақстанның үздік банкі» – Euromoney, 2012 ж. және «Қазақстандағы жыл банкі» – The Banker, 2012 және 2014 ж.

 

Еуразиялық банктің Баспасөз қызметі:

тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 3288)

press@eubank.kz

 www.eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.