logo
Қз

Еуразиялық банк басқа банктердің клиенттеріне интернет-банкинг ашады

09.12.2015, Алматы. Еуразиялық банк қазақстандықтар үшін Pay.Smartbank.kz жаңа сервисін іске қосты. Басқа банктердің көпшілігінің интернет-банкинг порталдарына қарағанда бұл ресурс Қазақстанның барлық банктерінің клиенттері үшін ашық.
Pay.Smartbank.kz. порталында кез келген қазақстандық банктің картасынан ақша аударып, Еуразиялық банкте ашылған депозитті санаулы минут ішінде нөлдік комиссиямен толықтыра аласыз.
Жақын күндерде порталда картадан картаға интернет-аударым сервисі іске қосылады (P2P). Аударым барлық қазақстандық банктердің кез келген карталары арасында жүргізіледі, бұл ретте ақша аудару рәсімінің уақыты үш минуттан аспайды. Бір картадан екінші картаға ақша аудару үшін жіберуші мен алушының карта нөмірлерін белгілі болса болғаны.
«Еуразиялық банк өзінің қызықтыратын депозиттік өнімдерімен әйгілі, бұл ретте Банктің көптеген салымшылары жалақыларын басқа банктердің карталарымен алады. Бұрын бұндай клиенттер депозиттерін толықтыру үшін банк кассасына баратын немесе бір банктен басқа банкке ақша аударатын, бұл жағдайда ақша әдетте келесі жұмыс күні ғана депозитке түсетін еді. Енді клиенттердің ақшасы депозитке есептелетін пайыздар үшін бір күн де жоғалтпастан санаулы минуттарда және тәуліктің кез келген мезгілінде  түседі, ал Еуразиялық банк транзакциялар бойынша барлық шығыстарды өз мойнына алады.
Картадан картаға аударуды енгізумен бірге біз барлық қазақстандықтарға бір біріне ақшаны планшет, компьютер немесе ұялы  телефон арқылы жолдау мүмкіндігін ұсынамыз. Бұл қызметтің тарифы жіберуші мен алушының карталарының эмитент- банктеріне, сондай-ақ транзакция сомасына байланысты болады. Еуразиялық банктің карталары үшін қызмет арзанырақ болады», – деп түсіндірді Еуразиялық банктің қашықтықтан қызмет көрсету жүйелері басқармасының басшысы Константин Диюнов. Ол кез келген жағдайда транзакция үшін пайыздың жоғары болмайтынын, өйткені қызметтің тұрғындарға тиімді болғаны банк үшін маңызды екенін атап өтті.
2016 жылдың басында Pay.Smartbank.kz порталында тағы бір қызмет – Еуразиялық банктің кредиттерін өтеу іске қосылады. Осы қызметтің арқасында кез келген банктердің карталарының иелері бөлімшеге баруға уақыт жұмсамастан кредиттерін интернет арқылы төлей алады.
Pay.Smartbank.kzсайтымен бірге коммуникацияның, транзакциялар мен ақпаратпен алмасудың қауіпсіздігіне Symantec корпорациясының Norton Secured қауіпсіздік сертификаты кепілдік береді. Бұл деректер қауіпсіздігін қорғау бойынша әлемдік көшбасшы болып табылады. Әлемдегі коммерциялық және инвестициялық жетекші банктердің 10-нан 9-ы Symantec-тің шешімдерін пайдаланады.
 
Анықтама:
Еуразиялық банк — барлық сегменттің клиенттеріне өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 ж. іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде бөлімшелері бар. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі және Новосибирскте, Челябинск пен Омбыда филиалдары бар. S&P соңғы рейтингі: «Тұрақты» болжамымен В. KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі халықаралық басылымдардың келесі аталған номинацияларындағы наградаларымен марапатталған: «Қазақстанның үздік банкі» – IAIR, 2014 ж., «Қазақстанның үздік банкі» – EMEA Finance, 2013 ж., 2014 ж. «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» – Asian Banking & Finance, 2012, 2013 және 2015 ж., «Қазақстанның үздік банкі» –Euromoney, 2012 ж. және «Қазақстандағы жыл банкі» – The Banker, 2012 және 2014 ж.
Еуразиялық банктің Баспасөз қызметі:
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 3288)

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.