logo
Қз

Еуразиялық банк бірінші болып қазақ тілінде шалынған қоңыраулардың сөйлеуді талдауын енгізді

09.08.2016, Алматы. – Еуразиялық банк байланыс орталығы операторларының клиенттермен телефон арқылы тілдесуді бақылауға алып, клиенттермен байланыс жүйесіне Verint инновациялық бағдарламалық жасақтаманы енгізді.

 

Verint оператор мен клиенттің диалогын транскрипциялайды (мәтінге аударады), барлық жазып алынған әңгімелерді санатқа бөледі, содан кейін Сапаны бақылау қызметі оператордың клиентке телефон арқылы қаншалықты дұрыс, сыпайы және жылдам кеңес бергенін тексереді. Бағдарламаның арқасында Сапаны бақылау қызметі телефон арқылы кеңес беретін операторлардың жұмысындағы олқылықтар мен кемшіліктерді уақтылы анықтап, оларды жоя алады. Жүйе ай сайын жалпы ұзақтығы 6 000 сағатты құрайтын 150 мыңға жуық қоңырауларды талдайды.

 

Verint инновациялық технологиясы клиенттердің Банк операторларымен әңгімелесу кезінде ең жиі қойылатын сұрақтарды анықтайды, ал арнайы құрылған сөйлеу технологиясы және бизнес-процестер мониторингі бөлімінің талдаушылары алынған ақпаратты жинап, талдайды, Банктегі клиенттік сервис сапасын жақсарту және бизнес-процестерді өзгерту бойынша ұсынымдар жасап шығарады.

 

Жаңа бағдарламаның көмегімен Банктің іске асыратын негізгі мақсаты – клиент проблемасын шешу немесе барлық қажетті ақпаратты бөлімшеге келместен телефон арқылы ұсыну болып табылады.

 

Verint талдау платформасы клиенттің оператормен арасындағы эмоционалдық байланысын талдайды, бұл әдепсіз операторларды, Банк процестері мен рәсімдердегі іркілістерді анықтауға, табылған мәселелерге Сапаны бақылау қызметі мен басшылықтың назарын аударуға мүмкінді береді.

 

Еуразиялық банк қазақстандық банктер арасында сөйлеуді талдау жүйесін ендіру бойынша пионер атанды. Бұған қоса Еуразиялық банк Verint компаниясымен бірлесіп әлемде теңдесі жоқ сөйлеуді талдаудың орысша-қазақша бірегей үлгісін әзірлеп шығарды және енгізді.

 

“Клиенттерге қызмет көрсетудің сапасы мен жылдамдығы – банктердің клиент үшін күресетін арнасы болып табылады. Сол себепті біз ең озық сервиске апарар жолдағы кедергілерді тез тауып, оларды жоюға көмектесетін құралдарға қаржы саламыз», – деп атап өтті Басқарма Төрағасы Майкл Эгглтон.

 

Анықтама:

 

Еуразиялық банк — барлық сегменттің клиенттеріне өнімдері мен қызметтерін ұсынушы қазақстандық әмбебап банк. 1994 ж. іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде бөлімшелері бар. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі және Новосибирскте, Челябинск пен Омбыда филиалдары бар. S&P соңғы рейтингі: «тұрақты» болжамымен В. KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.

 

Банктің табысты қызметі халықаралық басылымдардың келесі аталған номинацияларындағы наградаларымен марапатталған – «Қазақстанның үздік банкі» – IAIR, 2014 ж., «Қазақстанның үздік банкі» – EMEA Finance, 2013 ж., 2014 ж. «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» – Asian Banking & Finance, 2012, 2013 және 2015 ж., «Қазақстанның үздік банкі» – Euromoney, 2012 ж. және «Қазақстандағы жыл банкі» – The Banker, 2012 және 2014 ж.

 

Verint Systems Inc. туралы

Verint® (NASDAQ: VRNT) – Actionable Intelligence® шешімдер мен қосымша қызметтерді ұсыну саласында ғаламдық лидер болып табылады. Корпоративтік ақпараттық жүйе саласындағы шешімдердің мейлінше толық портфелі – Enterprise Intelligence Solutions™ мен ақпаратты жинау және талдау және қауіпсіздік қамтамасыз ету саласындағы шешім – Security Intelligence Solutions™ ұйымдарға көптеген ақпараттық көздерден түсетін ақпаратты – мысалы, барынша жедел және тиімді шешім қабылдау мақсатында дауыстық ақпаратты, видеоақпаратты және құрылымдалмаған мәтінді алуға және талдауға көмектеседі. Жұмыс тиімділігін арттыруға арналған Verint шешімін 150 елдегі 10 000 астам компаниялар қолданады, айта кететіні бұл компаниялардың 85 пайызынан астамы  Fortune журналының Top-100 тізіміне кіреді.

 

Verint-тің штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан. Компания Russell 3000 индексіне кіреді, бүкіл әлем бойынша офистері бар және серіктестердің ғаламдық желісінде әрекет етеді.

 

Барынша егжей-тегжейлі ақпаратты www.verint.com. мекенжайы бойынша біле аласыз.

Еуразиялық банктің Баспасөз қызметі:

тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 3288)

press@eubank.kz

                                                               www.eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.