logo
Қз

Еуразиялық банк: дамудың жаңа парадигмасы

21.10.2015, Алматы. Еуразиялық банк алдымыздағы экономикалық күрделі жағдайларда сенімді жайғасымды қамтамасыз ету мақсатымен іске асырылған бірқатар маңызды шаралар туралы хабарлайды:
Банк акционерлері ағымдағы жылдың қазан айының соңында Банк капиталын 6 млрд. теңгеге ұлғайту туралы шешім қабылдап, бұл туралы 12 қазандағы Директорлар Кеңесінің хаттамасында тіркелді. Жаңа капитал салынғаннан кейін Еуразиялық банктің Жалпы капиталы 92 млрд. теңгеден асады, коэффициент K1-1 сәйкесінше 9,3%-ға дейін ұлғаяды, бұл нарықтағы Банк позициясын күшейтіп, қарыз алушылардың мерзімі кешіктірілген кредиттерінің көбейіп кету мүмкіндігі жағдайында бірінші деңгейлі Капитал көрсеткіштерін бекітеді.
«Біз акционерлердің Банктің қиындықтарға төтеп беру үшін ғана емес, бес жылдан аса уақыт бұрын іске қосылған даму процесін жалғастыру үшін көрсетіп жатқан үздіксіз және толыққанды қолдаулары үшін ризашылығымызды білдіреміз. Капиталды ұлғайтуға қосымша біз жыл соңына дейін Банктің жалпы капиталының жеткіліктілік коэффициентін де (немесе К2) көбейтетін 30 млрд. теңге көлемінде реттелген облигациялар шығарылымын қарастырудамыз. Бұл өтімділік алдымыздағы құбылмалылық жағдайларында аралық қызметін атқарады, сонымен қатар кредит беру бағдарламаларын дамытуға бағытталады.
Бірінші жарты жылдықтың соңындағы корпоративтік сектордағы төлем қабілеттіліктің дағдарысы салдарынан мерзімі кешіктірілген кредиттердің өсуіне қарамастан, аталған көрсеткіш жүргізілген теңгенің құнсыздануы мен еркін құбылмалылық режиміне өткеннен кейін үшінші тоқсанның соңына қарай елеулі түрде төмендеді. Біз жыл соңында мерзімі кешіктірілген қарыздарды Бірінші деңгейлі капиталмен және провизиялармен орнын толтыру коэффициенті 100% деңгейінде болады деп болжаудамыз», – деп хабарлады Еуразиялық банктің Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі Майкл Эгглтон.
Жоғарыда айтылғандарға қосымша Еуразиялық банк «БанкПозитив Казахстан»-ды сатып алатыны туралы хабарлады. Кеше қазанның 20 күні Стамбулда қол қойылған Сатып алу-сату шартына сәйкес, Еуразиялық банк түріктің BankPozitif Kredi ve Kalkinma Bankasi Anonim Sirketi-нен БанкПозитив Қазақстанның 100% акциясын сатып алады. Мәміле Ұлттық банк пен тиісті реттеуіш органдардың тарапынан мақұлдау талабымен жылдың соңына дейін аяқталады. Қосылғаннан кейін Банк Еуразиялық банк брендімен жұмысын жалғастырады, S&P Банктің рейтингтік агенттігі болады.
Майкл Эгглтон атап өткендей «БанкПозитивті сатып алу Еуразиялық банктің капиталының (2.5 млрд-тан 3.0 млрд. теңгеге дейін) және кірістілігінің өсуіне түрткі болады. Еуразиялық банктің бөлшек сектор және ШОБ клиенттеріне берілген кредиттерінің 99%-дан астамы ұлттық валютада, банктің валюталық түсімі жоқ қарыз алушыларға берілген валюталық кредиттері жоқ. Бұған қоса, Банктің қамтамасыз етілмеген кредиттерінің үлесі небәрі 16%.
Осы жағымды оқиғалар аясында біз реттегіштің талаптарынан елеулі түрде асатын (6%) және Еуразиялық банк үшін тарихи максимум болып табылатын жеткілікті капитал коэффициентін (K1-1 және K1-2) 10% жуық болады деп болжаудамыз.Бұл Қазақстанның экономикасының өсу қарқынына сәйкес өзгеріп отыратын өтімділік, баланс пен Банк көрсеткішіне ерекше бақылау талап етілетін кезеңде аса маңызды».
Анықтама:
«Еуразиялық банк» АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс істейді. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі бар, Новосибирск және Омск қалаларында филиалы бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+. KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі келесі аталған номинацияларындағы марапаттармен расталған: «Қазақстанның үздік банкі» – IAIR, 2014ж., «Қазақстанның үздік банкі» – EMEA Finance, 2013ж., 2014ж., «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» – Asian Banking & Finance, 2012, 2013 және  2015ж.ж., «Қазақстанның үздік банкі» – Euromoney, 2012ж. және «Қазақстандағы жыл банкі» – The Banker, 2012 және 2014жж.
Еуразиялық банктің Баспасөз қызметі:
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 3288)

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.