logo
Қз

Еуразиялық банк: девальвациядан кейінгі бірінші нәтижелер

08.09.2015, Алматы. Еуразиялық банк теңге бағамын соңғы түзету мен құбылмалы валюталық бағамтәртіптемесінеөту туралы жарияланғаннан кейін қызметтің негізгі индикаторына талдау жасады. Мәліметтер 2015 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша  келтірілді.

 

ҚР ҰБ стандарттары бойынша шоғырландырылмаған қаржылық есепке сәйкес Банктің таза табысысалық шегерімімен 3,0 млрд теңгені құрады.
Шектеулі өтімділік пен 2014 жылдың соңынан бастап орын алған девальвациялық болжал кезеңіне қарамастан,  Банк активтері 1,3%-ға, 847 млрд теңгеге дейін өсті. 2015 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша теңгедегі депозиттер Банк портфелінің 39,3%-н құраса, шетел валютасындағыдепозиттер сәйкесінше 60,7%-н  құрады.
Жыл басынан бері несиелік портфель 6,5%-ға, 621,4 млрд теңге деңгейіне дейін ұлғайды. Банктің қарыз алушылардың сапасын бағалауға және мерзімі кешіктірілген берешекті өндірудің тиімді әдістемесіне қатысты озық тәсілдемелерінің арқасында алдыңғы айдың деңгейімен салыстырғанда 90 күннен аса мерзімі кешіктірілген қарыздар (NPL) 12.6%-ға төмендеп, жиынтық несиелік портфелінің 10.4%-н құрады.
«Өңірде орын алған күрделі ахуал жағдайында болсақ та, біз портфель сапасының төмендеуіне жол бермедік. Бұл біздің кредит саясатымыздың дұрыстығын растайды: біз валюталық түсімі бар қарыз алушыларға ғана валютада кредит береміз. Бұған қоса, теңге бағамының соңғы түзетулерінен кейін проблемалық қарыздар көлемінің төмендегенін де байқаудамыз», – деді көрсеткіш жайлы Басқарма төрағасы Майкл Эгглтон.
Жыл соңының болжамды мәліметтеріне сүйенсек, жұмыс істемейтін қарыздар көрсеткіші 10%-дан кем болмақ, бұл әдетте нарықтағы ең жақсы көрсеткіш болып табылады және тіркеушінің талаптарына толықтай сәйкес келеді.
Капиталдың жеткіліктілігінің есеп айырысу коэффициенті к1-1 және к1-2 0,084 құрады, бұл жыл басынан бері 14,9%-ға жоғары және тіркеушінің ең төменгі талабынан елеулі түрде жоғары (0,06).
Ағымдағы жылдың тамыз айының соңындағы жағдай бойынша Еуразиялық банктің меншікті реттеуші капиталы 87 млрд теңгеден асты. Жыл соңына дейін Банк тіркеушінің екінші деңгейлі банктердің меншік капиталының ең аз мөлшерін арттыру туралы талабына сәйкестікті мерзімінен бұрын қамтамасыз ете отырып, көрсеткішті 100 млрд теңгеден асатын деңгейге дейін көтеруді жоспарлап отыр.
Басқарма төрағасы Майкл Эгглтон кезеңді қорытындылай келе: «Мұнай бағасының құлдырауымен және девальвациялық болжалмен байланысты нарықтағы құбылмалы кезеңге қарамастан, біз жыл бойы интернет және ұялы банкинг саласы мен сервис сапасын жақсарту тәрізді Банктің дамуы үшін маңызды жобаларды іске асыруды жалғастырдық. Біз бірқатар инновациялық өнімдерді іске қосуға дайынбыз, бұл үшін қазіргі күнде  қолайлы жағдай қалыптастырудамыз», деді.
Анықтама:
«Еуразиялық банк» АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс істейді. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі бар, Новосибирск және Омск қалаларында филиалы бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+. KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
 Банктің табысты қызметі келесі аталған номинацияларындағы марапаттармен расталған: «Қазақстанның үздік банкі» – IAIR, 2014ж., «Қазақстанның үздік банкі» – EMEA Finance, 2013ж., 2014ж., «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» – Asian Banking & Finance, 2012, 2013 және  2015ж.ж., «Қазақстанның үздік банкі» – Euromoney, 2012ж. және «Қазақстандағы жыл банкі» – The Banker, 2012 және 2014жж.
Еуразиялық банктің Баспасөз қызметі:
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 3288)

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.