logo
Қз

Еуразиялық банк жеңілдікті автокредит беруге арналған қосымша қаржыны игеруді бастады

15.01.2016, Алматы. Еуразиялық банк отандық өнеркәсіпті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қосымша қаржы алды. «Азия Авто» АҚ пен «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-де шығарылған машиналарды кредитке сату үшін 3 млрд теңге бөлінді. Бір ай бұрын Еуразиялық банк «Агромаш Холдинг» АҚ автомобильдерін жеңілдікті кредитпен сатуға  910 млн. теңге алған болатын.

 

8 қаңтардан бастап қазақстандықтар қайтадан 4% номиналды мөлшерлемемен (сыйақының тиімді мөлшерлемесі – сақтандыру мен автокөлікті кепілге ресімдеу бойынша шығындарды қосқанда жылдық 7,5% дейін) кредитке автомобиль сатып алуға өтінім бере алады. Бұл Қазақстандағы автокредит берудің ең төменгі құны. Қаңтардың 8-нен бастап 12-не дейін Еуразиялық банк сомасы 725 млн теңгеден асатын жеңілдікті автокредит  алуға 200-ден астам өтінімді қабылдап үлгерді.

 

«Біз жеңілдікті автокредит беру бағдарламасының тұрғындар арасында өте танымал екенін көріп отырмыз. Сұраныс өте көп – мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың бірінші кезеңі шеңберінде біз тұрғындардан 4100 жуық өтінім алдық, бұл Еуразиялық банкке бөлінген лимиттен 4,3 есеге асып түсті. Біздің деректерімізге сүйенсек, 2015 жылы кредитке көбінесе Kia, Skoda және Hyundai автомобильдері алынған. Өткен жылдың көктемінде бағдарламаға қатысуға үлгермеген жандар үшін қазір мүмкіндік туындап отыр. Кредит беру талабы өзгерген жоқ», – деп атап өтті бөлшек бизнес бағытына жетекшілік ететін Еуразиялық банктің басқарушы директоры Бертран Госсар.

 

Жергілікті автокөлік өндірушілерді қолдау бойынша республикалық бағдарлама өткен жылдың сәуір айында бастау алған болатын. Бірінші траншты бөлу шеңберінде Еуразиялық банк 3 миллиард теңге алды. Ақша рекордтық қысқа мерзімде игерілді: машинаны кредитке сатып алуға ниет білдіргендерден өтінім бірнеше күн ішінде бөлінген кредит лимитінің барлық көлеміне жиналып алынды.

 

Қаржы Ұлттық қордан бөлінеді, операторы «Қазақстанның даму банкі» болып табылады. Қарыз алушылар Hyundai, Kia, Toyota, Chevrolet, Skoda, SsangYong, LADA және басқа маркадағы отандық өндірістік жеңіл автокөліктерінің кез келген модельдерін таңдай алады.

 

Автокредиттер бес жылдан асатын мерзімге беріледі. Автомобиль құны 9 млн теңгеден аспауы қажет (яғни бизнес-класстың машиналары  жеңілдікті кредит беруге кірмейді). Бастапқы жарна – сатып алынатын авто құнының 20 % аспайды.  Кредиттер теңгеде беріледі.

 

Жеңілдікті автокредит туралы егжей-тегжейлі ақпаратты алу үшін клиентке өндірушілердің автосалондарындағы Еуразиялық банктің кеңесшілеріне жолықса жеткілікті. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болу қажет.

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.