12.10.2015, Алматы. Еуразиялық банк «USSD-банкинг» жаңа интерактивтік қызметті іске қосты. Ол Smartbank жүйесінде тіркелген барлық клиенттерге – жеке тұлғаларға қолжетімді. Енді ағымдағы, карточкалық немесе депозиттік шоттың жай-күйін тексеріп, кредит бойынша деректерді алу немесе валюталар бағамын білу үшін телефоннан *979# пәрменін теруге, және қажетті ақпаратты лезде алуға болады. Қызмет алдыңғы буынғы модельдерді (смартфон болуы міндетті емес) қосқанда, кез келген ұялы телефонда жұмыс істейді, кері баланста да қолжетімді, интернетке қосылу талап етілмейді. Ақпаратты сұрату, оның ішінде роумингте тегін, KCell, Beeline және Tele2 абоненттеріне арналған. Altel абоненттерін қызметке қосу үшін жұмыстар жүргізілуде.
USSD деректерді беру технологиясы (Unstructured Supplementary Services Data) SMS-қа ұқсайды, бірақ бірқатар ерекшеліктер бар. Хабарламалар SMS-ке қарағанда жылдам келеді, бірнеше секунд ішінде экран бетінде көрінеді, бұл ретте шот пен карта нөмірлері бүркемеленіп қана беріледі. Хабарлама телефонда да, оператордың байланыс жүйесінде де сақталмайды, яғни құпиялылықты қамтамасыз етеді. Пәрменді жолдау үшін телефон мәзіріне кіріп қажеті жоқ, нөмірді теру қызметі қолданылса болғаны. Барлық қысқа USSD нөмірлер «*» белгісінен басталады және «#» белгісімен аяқталады.
«Бұл технология өткен ғасырдың 80-жылдарында-ақ бірінші GSM-желілерінде әзірленген болатын. Ең кеңінен таралған және бәріне белгілі USSD-пәрмен – қысқа сандық код арқылы ұялы телефон теңгерімін тексеру», – деп түсіндіріп өтті Еуразиялық банктің қашықтықтан қызмет көрсету жүйесі басқармасының бастығы Константин Диюнов.
Минимализм, қолжетімділік пен жылдамдық USSD технологиясын смартфондар мен төртінші буынғы ұялы желілер дәуірінде де әлемнің көптеген елдеріндегі қаржы институттары үшін тартымды етуде. Еуразиялық банк клиенттердің ең танымал сұрақтарын негізге ала отырып, Қазақстанда алғашқы болып дербестендірілген мәзірмен USSD портал әзірлеп шығарды. «Біз байланыс орталығына шалынған қоңырауларды талдап, адамдардың 80%-ы шоттағы ақша санын немесе кредит бойынша қалдықты тексергісі келетінін түсіндік. Доллар бағамына деген тұрақты қызығушылық та бар. Жаңа қызмет арқылы біздің клиенттер байланыс орталықтарына қоңырау шалуға уақыт жұмсамастан, осы ақпараттарды жедел түрде ала алады», – деді Константин Диюнов.
USSD банкинг – дәстүрлі немесе интернет-банкингке балама емес, бұл қашықтықтан банктік қызмет көрсетудің қосымша арнасы. Тіркеу кезінде көрсетілген телефон нөмірі дұрыс әрі іске қосылған болуы қажет. Хабарлама пайдаланушының Smartbank жүйесінде орнатқан тілде келеді. Қазір Smartbank интерфейсі веб-нұсқада 6 тілге қазақ, орыс, ағылшын, неміс, түрік және француз тілдеріне және ұтқыр және USSD-банкингте 3 тілге аударылған.
Анықтама:
Еуразиялық банк — барлық сегменттің клиенттеріне өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде бөлімшелері бар. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі және Новосибирск пен Омбыда филиалдары бар. S&P соңғы рейтингі: В+. KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі халықаралық басылымдардың келесі аталған номинацияларындағы наградаларымен марапатталған: «Қазақстанның үздік банкі» – IAIR, 2014 ж., «Қазақстанның үздік банкі» – EMEA Finance, 2013 ж., 2014 ж., «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» – Asian Banking & Finance, 2012, 2013 және 2015 ж., «Қазақстанның үздік банкі» – Euromoney, 2012 ж. және «Қазақстандағы жыл банкі» – The Banker, 2012 және 2014 ж.
Еуразиялық банктің Баспасөз қызметі:
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 3288)