logo
Қз

Еуразиялық банк қазақстандық жетекші автошабандоз Артур Ардавичуспен демеушілік келісімшарт жасады

Еуразиялық банк қазақстандық жетекші автошабандоз Артур Ардавичуспен демеушілік келісімшарт жасады   
23.12.2014 – Алматы. Қазақстандық танымал автошабандоз Артур Ардавичустың жүк көлігі мен комбинезонында Еуразиялық банктің логотиптері пайда болды.                   18 қаңтар, сенбіде Astana Dakar Team командасының капитаны өзінің әріптестерімен бірге атақты да беделді «Дакар» ралли-марафонында табысты мәреге жетті. Қазақстандық автошабандоздар «Дакар-2014» жарысында лайықты нәтиже көрсетті. Артур Ардавичустың көлігі жиырма көшбасшының құрамында                   14-ші орынды иеленді. Оның жетекшілігіндегі команда қауіпті де аса күрделі арнайы жерлерді қоса, 9 мыңнан аса шақырымды артқа тастады.
«Автокредит беру сегментінде көшбасшы бола отырып, Еуразиялық банк жылдамдық пен сапаға басты назар аударады және ең күрделі жағдайларда үздік нәтижелерді көрсетеді. Сол себептен де біз өз атымызды сынақтар мен кедергілерден тайынбаған, бізге жаны жақын Артур Ардавичуспен қатар қойғанымызды мақтан етеміз. Біз оның жетістіктеріне мақтанамыз, оған табыс және ең бастысы, қауіп-қатерсіз жол тілейміз, – деді Еуразиялық банк Басқармасының төрағасы Майкл Эгглтон.
Әлемдегі ең атақты автожарыстардың бірі – «Дакар» 5 қаңтарда Аргентинада басталып, 18 қаңтарда Чилиде мәресіне жетті. Артур Ардавичус «Дакар-2014» бағындыруға жаңа Tatra жүк көлігімен аттанған болатын. 14 күн бойы шабандоздар шеберлік, спорттық ерлік пен командалық рухты паш етті. Әдемі де нәтижелі ойын көрсеткен спортшылар нәтижелеріне дән риза және жақын арада үйге жүлделі медальдармен оралмақ.
Жоғары дәрежелі автошабандоздардың, механиктердің, техникалық мамандардың бірлескен қажырлы еңбегі халықаралық спорт аренасында Қазақстанның лайықты орын алуына арналады, – дейді «Дакар-2012» жарысының қола жүлдегері Артур Ардавичус. Бір кезеңде біз апатқа ұшырадық, көлігіміз айтарлықтай зақымдалды. Ирелеңдеген тау жолында жоғары жылдамдықпен келе жатқан машина бұрылмада қабырғаға барып соғылды. Бақытымызға қарай біз төмен құламай, жарақаттар ғана алдық. Түні бойы көлігімізді жөндеп, жарысқа қайта қостық. Алдымызға қойған міндеттер орындалды. «Дакар» асуы алынды, біздің командамыз оны кезекті рет бағындырды, яғни «Дакар» медальдары тағы да Қазақстанға жол тартпақ. Команданың атынан біздің серіктестерімізге, соның ішінде Еуразиялық банкке көрсеткен қолдаулары мен отандық автоспортты дамытуға қосқан үлестері үшін үлкен алғыс білдіремін».
Бүгінгі күні Артур Ардавичус шағын демалыстан кейін алдағы болатын «Дакар-2015» дайындықты бастамақшы. Алда – РФ аймағында өтетін «Шелковый путь» раллиі, сондай-ақ БАӘ, Египет, Катар, Марокко және басқа да елдерде өтетін ралли-рейдтер бойынша Әлем Кубогы кезеңдері.

Анықтама:
«Еуразиялық банк» АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банктің бүгінде Қазақстанның барлық өңірлерінде 20 филиалы мен 143 бөлімшесі жұмыс істейді. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+, KZRating: халықаралық шкала бойынша ВВ+, ұлттық шкала бойынша А+, болжам «тұрақты». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» (Asian Banking & Finance), 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік банкі» (Euromoney) және 2012 ж. «Қазақстандағы жыл банкі» (The Banker) номинацияларындағы марапаттармен расталған.

«Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 4802)
press@eubank.kz
www.eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.