logo
Қз

Еуразиялық банк - Қазақстанның 2015 жылғы үздік бөлшек банкі

Еуразиялық банк үшінші рет Asian Banking & Finance халықаралық қаржылық басылымының “Қазақстанның үздік бөлшек банкі” номинациясы (Domestic Retail Bank of the Year – Kazakhstan) бойынша марапатына ие болды.

Asian Banking & Finance он жыл бойы бәсекелестерінен ілгерішіл стратегиясы мен жоғары сапалы қызметтер мен үрдістерімен ерекшеленетін Азия өңірінің бөлшек банктерінің үздігін жыл сайын атап келеді. Бұл жылы құрамы PriceWaterhouseCoopers, Deloitte Consulting және Ernst&Young Advisory LLP, KPMG компанияларының өкілдерінен тұратын басылымның сараптамалық қазылар алқасы Таяу Шығыс, Орталық, Оңтүстік-шығыс Азия және Тынық мұхиттық өңірінің 30 елінің екі жүзге жуық банктерінің көрсеткіштерін бағалады. Сарапшылар бәсекелес банктердің стратегиялары мен даму жоспарларына ерекше назар аудара отырып, қаржы көрсеткіштерін, үрдістердің жаңашылдығы мен тиімділігін талдады.

Үздік банктерді марапаттау рәсімі Сингапурде 8 шілдеде өтті. Еуразиялық банктің атынан рәсімге Атқарушы директор – сатылымдар және қолдау басқармасының бастығы Шолпан Мұратбекова мен Атқарушы директор – стратегиялық серіктестермен жұмыс жүргізу және бөлшек өнімдерді әзірлеу басқармасының бастығы Дмитрий Мусиенко қатысты.

“Экономикалық ахуалға қарамастан біз қарқынымызды төмендетпей, тіпті бірқатар сараланымдарда өз позициямызды бекітудеміз. Клиент базасының соңғы үш жылда 2,5 есеге өсуі Еуразиялық банкке білдірілген сенімді растайды. Енді келесі мақсатымыз – клиенттерге түсінікті әрі қажетті өнімдердің қолайлы жиынтығын беру және олардың банкпен қарым-қатынасын ыңғайлы және жылдам қылу”, – деп атап өтті Дмитрий Мусиенко.

Еуразиялық банк жеке тұлғаларға арналған банктік қызметтер нарығында 2011 жылдан бері белсенді қызмет атқарып келеді. Банктің Қазақстан бойынша үш мыңнан астам сату орындары бар. 1,2 млн адам Еуразиялық банктің клиенттері болып табылады.

Бұдан бұрын Еуразиялық банк IAIR басылымының “Қазақстанның үздік банкі”, EMEA Finance нұсқасы бойынша «Қазақстанның үздік банкі» және 2014 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша “Қазақстандағы жыл банкі” номинациялары бойынша марапаттауларға ие болған.

Анықтама:
Еуразиялық банк — барлық сегменттің клиенттеріне өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк.   1994 ж. іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде бөлімшелері бар. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі және Новосибирск пен Омбыда филиалдары бар. S&P соңғы рейтингі: «тұрақты» болжамымен В+, KZRating: ВВ – халықаралық шәкілі бойынша – ВВ, ұлттық шәкіл бойынша – А, болжамы “тұрақты”. KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Asian Banking & Finance – бөлшек сектордағы банктік қызметтерді, банктік сектордың даму перспективаларын, қаржы нарықтары мен коммерциялық қызметті жариялайтын Азиядағы жетекші қаржы басылымы.

Еуразиялық банктің Баспасөз қызметі:
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 3288)
press@eubank.kz

www.eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.