logo
Қз

Еуразиялық банк: құнсызданудан кейінгі өтімділік

19 ақпан 2014 жыл, Алматы қ.Еуразиялық банк қазақстандық банк секторындағы сенімді қаржылық институт мәртебесін сақтап қалды. Кешегі операциялық күннің (18 ақпан) соңындағы жағдай бойынша депозиттер мен ағымдағы шоттардың өсімі жыл басынан бері   45.8 млрд теңгені (11.7%) және құнсыздану туралы жарияланған сәттен бастап 34.9 млрд теңгені (8.7%) құрады. Аталған күнге Еуразиялық банктің депозиттері мен ағымдағы шоттары бойынша қалдық 436,5 млрд теңгеге жетті.
Жеке тұлға клиенттердің депозиттері мен ағымдағы шоттары жыл басынан бері 13.3 млрд теңгеге(9.5%) және  құнсыздану туралы жарияланған күндегі операцияларды жабу сәтінде 8.3 млрд теңгеге (5.7%) өсті. 18 ақпандағы жағдай бойынша жеке тұлғалардың Еуразиялық банктегі депозиттері мен ағымдағы шоттары бойынша жалпы қалдық 152.8 млрд теңгені құрады.
Клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында Банктің Алматы және Астана қалаларындағы бөлімшелерінде операциялық күн ұзартылды.
Өтімді активтердің Банк активтерінің жалпы мөлшеріне арақатынасы 18 ақпандағы күннің соңында 21.9%-ды құрады.

Анықтама:
«Еуразиялық банк» АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банк бүгінде Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс істейді, Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+, KZRating: халықаралық шкала бойынша ВВ+, ұлттық шкала бойынша А+, болжам «тұрақты». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» (Asian Banking & Finance), 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік банкі» (Euromoney) және 2012 ж. «Қазақстандағы жыл банкі» (The Banker) номинацияларындағы марапаттармен расталған.

«Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 4802)
press@eubank.kz
www.eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.