Еуразиялық банк клиенттер – жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақы төлеуді бастайды. Төлеу ағымдағы жылдың 10 қазанында басталады деп жоспарлануда.
2015 жылғы тамыз айындағы теңге бағамының өзгеруінен кейін ҚР Ұлттық банкі әзірлеген мемлекеттік бағдарламаның талаптары бойынша 2015 жылдың 18 тамызында депозиттік шоттарында 1 000 000 теңгеге дейін сома салынған клиенттер – жеке тұлғалар өтемақы алу үшін мерзімі бір жылды құрайтын «Арнайы шот» салымын ашу туралы өтінішпен Банкке келу керек болған. 2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін Еуразиялық банкке өтінішпен келген клиенттер ҚР Ұлттық банкі бекіткен формула бойынша өтемақы алады:
Cөтемақы = (Т2/ Т1 – 1) × Cқалдық,
бұндағы
Cөтемақы – клиентке төленетін өтемақы сомасы.
Cостаток – өтемақы төлеу жүзеге асырылатын депозит сомасы.
Т1 – 2015 жылғы 18 тамыздағы ұлттық валютаның (теңгенің) АҚШ долларына бағамы;
Т2 – 2016 жылғы 30 қыркүйектегі, 2016 жылғы 31 қазандағы, 2016 жылғы 30 қарашадағыұлттық валютаның (теңгенің) АҚШ долларына бағамы.
Мысалы, «Арнайы шот» 2015 жылғы 30 қыркүйекте 100 000 теңге сомасына ашылды. 2015 жылғы 18 тамыздағы теңгенің долларға бағамы 188,35 теңгені құрады. 2016 жылғы 30 қыркүйектегі долларға бағам 340 теңгеге тең деп шамалайық. Онда өтемақы алу бойынша есептеулер мынадай болады:
(340/188,35 – 1) х 100 000 = 80 515 теңге
Бұған қоса, Еуразиялық банк көрсетілген клиенттердің шоттарына 14.9% дейін ең жоғары тиімді мөлшерлеме бойынша сыйақы есептеді. Клиенттердің алатын жиынтықты сома келесіні құрайды:
Салым сомасы + сыйақы + өтемақы
Өтемақыны келесі кесте бойынша төлеу жоспарлануда:
2015 жылғы 23 қыркүйектен бастап 30 қыркүйекке дейін ашылған салымдар бойынша – 2016 жылғы 10 қазаннан бастап.
2015 жылғы 1 қазаннан бастап 31 қазанға дейін ашылған салымдар бойынша – 2016 жылғы 10 қарашадан бастап.
2015 жылғы 1 қарашадан бастап 1 желтоқсанға дейін ашылған салымдар бойынша – 2016 жылғы 10 желтоқсаннан бастап.
Ұлттық банк жариялаған бағамдық айырманы өтеу бағдарламасы шеңберінде клиенттердің Еуразиялық банктің арнайы шоттарына салған қаражаттың жалпы сомасы 3,4 млрд теңгеге жуықтады. Клиенттердің аталған санаттары үшін Еуразиялық банк арнайы ұсыныс дайындады: олар арнайы шоттан өтемақы сомасымен бірге салымның жалпы сомасын ең жоғары мөлшерлемемен ТУРБО-депозитке аудара алады. Депозит бойынша сыйақы күнделікті түрде төленеді. Сондай-ақ клиенттердің осы тобына кредит және кредиттік карталар бойынша жеңілдікті талаптар ұсынылатын болады. Еуразиялық банктің барлық клиенттері – жеке тұлғалардың депозиттері Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен қорғалған.
Барынша егжей-тегжейлі ақпаратты келесі сілтемелер бойынша ала аласыздар:
http://kz.eubank.kz/pages/salimdar_boyinsha_otemakilar/
http://www.eubank.kz/pages/viplata_kompensatsii_po_vkladam/