logo
Қз

Еуразиялық банк өз клиенттерінің зейнетақысы мен жалақысын көбейтеді

Еуразиялық банк жаңа қызметін – карточкалық шоттағы ақшаның қалдығына пайыз есептеуді іске қосты. Сәуір айының ортасынан бастап Еуразиялық банк карточкаларын иеленушілер депозиттен түсетін кіріске ұқсас қосымша пайда табатын болады. Әрбір операциялық күннің соңында банк клиенттердің шоттарындағы қалдықтарды есептейді. Осы сомаға сыйақының номиналды мөлшерлемесі  – жылдық 10%-ға дейін есептеледі. Ақша клиенттердің шотына әр айдың соңғы жұмыс күнінде түседі. Қызметті Еуразиялық банктің жалақылық және әлеуметтік карточкаларын ұстаушылар пайдалана алады.

Нарықтағы осыған ұқсас өнімдерден оның басты ерекшелігі, карточкалық шоттағы қалдыққа Еуразиялық банктің балл  немесе бонус емес, кәдімгі ақша есептеуінде.

«Ақша жұмыс істеуі тиіс және істей алатыны барлығыңызға мәлім. Сондықтан Еуразиялық банктің карточкасымен жалақы, зейнетақы немесе шәкіртақы алатын клиенттердің барлығы карточкалық шоттағы ақша қалдығына сыйақы алатын болады.   Клиенттердің басым көпшілігі қолма-қол ақшадан гөрі ақшаны карточкада қалдырып ұстауды қауіпсіз деп санайтынын көріп жүрміз.   Енді бұдан былай біздің карточкаларымыз клиенттерге ақшаларының сақталуына ғана емес, сонымен бірге  қосымша кіріске де кепілдік береді», – дейді Еуразиялық банктің Карточкалық бизнес және төлем қызметтері басқармасының басшысы Акдаулет Кударов.

Банктік технологиялар саласында көшбасшылардың бірі бола отырып, Еуразиялық банк озық және сұранысқа ие функциялармен жарақтандырылған карточкаларды ұсынады:

  • Еуразиялық банктің карточкасына кез келген қазақстандық банктің карточкасынан, үйден немесе офистен шықпай-ақ    Pay.Smartbank.kz. сайтынан ақша аударуға болады.
  • Жалақы карточкасын иеленушілер қолма-қол ақшаны ҚР кез келген банктің банкоматынан комиссиясыз ала алады.
  • Еуразиялық банк нарықтағы ең жоғары ақшалай кэшбэк ұсынады:  банк клиентке карточка арқылы жүргізген әрбір сатып алынған зат үшін жұмсаған сомасының 5 % дейін карточкасына қайтарады.
  • Еуразиялық банктің клиенттері өз ақшаларын кез келген уақытта және әлемнің кез келген жерінен компьютердің немесе смартфонның көмегімен Smartbank интернет-банкингі арқылы басқарады.
  • Көпшілікке танымал қызметтердің ақысын төлеу Smartbank арқылы комиссиясыз жүргізіледі  (коммуналдық төлемдер, ұялы байланыс, айыппұлдар, салықтар – барлығы 350 -ден астам қызмет көрсетушілер мен  тауарлар).

 

Анықтама:

 

Еуразиялық банк —  өнімдері мен қызметтерін барлық сараланымдағы клиенттерге ұсынатын әмбебап қазақстандық банк.  1994 жылы негізін қалаған банк Қазақстанның барлық өңіріне таралған.  Ресейде (Мәскеу) еншілес банкісі бар, оның филиалдары Новосібірде, Омбы мен Челябіде орналасқан.  S&P соңғы рейтингі: В, болжамы «тұрақты» . KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.

Банктің жемісті қызметі халықаралық басылымдардың  келесі номинациялары бойынша «Қазақстанның үздік банкі» – IAIR, 2014 ж. «Қазақстанның үздік банкі» – EMEA Finance, 2013 ж., 2014 ж., «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» – Asian Banking & Finance, 2012,  2013 және 2015 жж.., «Қазақстанның үздік банкі» – Euromoney, 2012 ж. және «Қазақстандағы Жыл Банкі» – The Banker2012 ж. және  2014 ж. алған наградаларымен расталады.

 

Еуразиялық банктің баспасөз қызметі:

тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 3288)

press@eubank.kz

www.eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.