logo
Қз

Еуразиялық Банк теңгенің 20 жылдығында 20-шы филиал ашты

03.10.2013, Қызылорда. Еуразиялық Банкітің 20-шы филиалының салтанатты ашылуы болып өтті. Еуразиялық Банктің Қызылордада Желтоқсан көшесі, 11 «А» мекенжайында ашылып отырған жаңа филиалы ай сайын мыңдаған клиенттерге қызмет көрсете алады.

 

 

 

Барша қазақстандықтармен бірге Қызылорда филиалының клиенттеріне де Еуразиялық Банк ұсынатын барлық қызмет түрлері көрсетіледі: интернет-банкингтен бастап дәстүрлі ақша аудару, валюта айырбастау, несие алу, депозитке салу, қазіргі карточкалық өнімдермен жұмыс жүргізу және т.б.

Ашылу салтанаты алдында Еуразиялық Банк басқармасының төрағасы Майкл Эгглтонмен Қызылорда облысының әкіміҚырымбек Көшербаев арасында кездесу өтті. Кездесу кезінде екі жақ Қызылорда облысының ілгері даму мәселелерін және Еуразиялық Банктің инвестициялық жобаларға қатысу мүмкіншілігін талқылады.

Салтанатты ашылу рәсімінде Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ғалым Әмреев сөз сөйледі. Өз сөзінде ол Еуразиялық Банкті құттықтап, «Қызылорда облысы жедел дамып келеді. Облыста тау-кен өндірісі, жеңіл және тамақ өндірісікәсіпорындары бар.

Қазір халықаралық «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» көлік дәлізінің құрылысы аяқталуға жақын. Бұл жол облыстың барлық жерімен өтеді әрі Қазақстандағы ең ірі жол болмақ. Көлік дәлізі бойында кемпингтер, дүкендер, жанармай станциялары ашылуға тиіс. Сондықтан қазіргі маңызды міндеттердің бірі — шағын және орта бизнеске қолдау көрсету», — деді.

Өз кезегінде басқарама төрағасы Майкл Эгглтон: «Еуразиялық Банкте заманауи технологиялар және тармақталған филиалдық жүйелер бар. Банк шағын және орта бизнесті, өндірістік, фермерлік кәсіпкерлікті қаражаттық жағынанұзақ мерзімдіжобаларын жүзеге асырудың ресурстарына ие», — деп атап көрсетті.

Жаңа филиал Қызылорда облысының ірі кәсіпорындарына, мұнай және газ секторы ұйымдарына, ШОБ компанияларына және жеке тұлғаларына кешенді қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Облыста жұмыс істейтін банк бөлімшелері облыстың шағын және орта кәсіпкерлігіне несиелік және лизингтік бағдарламалар арқылы көмек көрсету ісіне қатысуда. Банк қызметкерлері филиалдың ашылуымен бірге жұртшылықпен, заңды тұлғалармен жұмыс көлемі арта түсетініне сөзсіз сенімді.

Филиалдың ашылуы — Еуразиялық Банктің бөлшек жүйесін дамытудағы кең көлемді жобасының бір бөлігі. Қазақстаның ірі қалалары мен аймақтық орталықтарында қазіргі заманның ең соңғы жабдықтарымен жасақталаған және әлемдік банктер деңейінде қызмет көрсететін банк филиалдары ашылмақ. Филиал дизайнын жобалауда клиенттерге жайлы болудың барлық жағдайы қарастырылған, мәселен, балаларға арналған ойын аймағы бар. Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында карточкадан тәулік бойы ақша алу немесе шотты толтыру мүмкіндігі бар. Клиенттер қайжерде тұратындарына қарамастан ең тамаша қызмет алуға лайықты деп есептейді банктегілер. Қазір болашақ филиалында екі банкомат және екі терминал бар. Ал жаңа жылға дейін тағы да үш банкомат және үш терминал орнатылмақ.

 

Анықтама:


«Еуразиялық банк» АҚ
 — барлық сегментегі клиенттерге өнім мен қызмет ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы құрылған Банктің Қазақстан бойынша 20 филиалы және 121 бөлімшесі жұмыс істейді. Ресейде (Мәскеу қ,) еншілес банкі бар. S&P соңғы рейтингі: В+ «оң» болжамымен. KZRating: халықаралық шкалаға сейкесВВ+, ұлттық шкалаға сәйкес А+, болжамы «тұрақты». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.

Банктің жемісті қызметі 2012ж. және 2013ж. нәтижесі бойынша «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» (AsianBanking&Finance), 2012 ж. «Қазақстанның үздік банкі» (Euromoney) және «Қазақстандағы жыл банкі» (TheBanker) номинациялары бойынша марапаттармен расталған.


Қызылорда облысы
 – Қазақстан Республикасының индустриялық және ауылшаруашылық өңірі.Келесі онжылдық ішінде өңірдің әлеуметтік және экономикалық дамуы 5 перспективалық саланың дамуына негізделеді: тау-кен өндірісі, аграрлық-өнеркәсіптік кешені, соның ішінде балық кластерін дамыту, құрылыс материалдырын өндіру, туристік кластер құру және энергиямен қамтамасыз ету мәселесін шешу (ЖЭО-2 салу, «Арысқұм — Жосалы» газ құбырын салу, «Ақшабұлақ» кен орнында газ дайындау кешенді қондырғысын орнату).

 

«Евразиялық банкі» АҚ баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 4802)
press@eubank.kz
www.eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.