12.02.2014 ж. Алматы. 2014 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұлттық валютаның бір АҚШ доллары үшін 185 теңге деңгейіне дейін құнсыздануы туралы хабарлады, бұл ретте валюталық дәліз 2 теңгені құрайды.
Қаржы нарығында ашықтықты қамтамасыз ету, клиенттерге уақытында және шынайы ақпарат беру үшін Еуразиялық банк келесі деректер туралы хабардар етеді:
- Банк басшылығы валютаның құнсыздануын күтпеген, бірақ оның орын алуын да жоққа шығармаған. Былтырғы жылы Банк іс-әрекет жоспарының бірнеше нұсқасын дайындаған болатын, солардың бірі құнсыздану туралы хабарлама жарияланғаннан кейінгі алғашқы минуттарда іске қосылды.
- Банктің саясаты операциялық күннің соңына ашық валюталық позицияның болуын қарастырмайды. Бұл ретте құнсыздану туралы хабарлама жасалған кезде Банктің белгілі бір ұзақ валюталық позициясы болды. Соның нәтижесінде ақшаның құнсыздануы Банктің шығындануына әкелген жоқ.
- Құнсыздану туралы хабарламадан кейін Банк Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тарапынан одан әрі қарай ресми ақпарат алғанша валюталық операциялардың басым бөлігін уақытша тоқтатты. 11 ақпанда 15 сағат 45 минутта Банктің жұмысы қалыпты тәртіпте жұмысын жалғастырды.
- Банктің бөлшек кредит портфеліндегі АҚШ долларындағы кредиттер үлесі 1,5%-ға жуық.
- Корпоративтік және ШОБ секторы бойынша кредиттер портфеліндегі АҚШ долларындағы кредиттер үлесі 27%-ды құрайды, бұл ретте осы сектор клиенттерінің 90%-ға жуығы – кірістері шетелдік валютадағы ірі компаниялар.
- Құнсыздану туралы хабарламадан кейін Еуразиялық банктің бүкіл филиалдық желісі ауқымында клиенттердің стандарттан тыс операциялары тіркелген жоқ.
- Ағымдағы есептерге сәйкес ұлттық валютаның құнсыздануы Банктің пруденциалдық нормативтер мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген басқа да міндетті лимиттерін бұзуына әкелген жоқ.
Анықтама:
«Еуразиялық банк» АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банк бүгінде Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс істейді, Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+, KZRating: халықаралық шкала бойынша ВВ+, ұлттық шкала бойынша А+, болжам «тұрақты». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» (Asian Banking & Finance), 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік банкі» (Euromoney) және 2012 ж. «Қазақстандағы жыл банкі» (The Banker) номинацияларындағы марапаттармен расталған.
«Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 4802)
press@eubank.kz
www.eubank.kz