2025 жылғы 30 мамыр, Алматы
Еуразиялық банктің капиталы 31% – ға ұлғайды, оның мөлшері 2024 жылдың қорытындысы бойынша 399 млрд. теңгені құрады. Осы кезеңдегі банк активтері 3 трлн. теңгелік деңгейден асып, 3,1 трлн. теңгені құрады, яғни 16%-ға өсті, ал пайда 82,7 млрд. теңге деңгейінде.
“Еуразиялық банк” АҚ тобының қаржылық нәтижелері ХҚЕС стандарттары бойынша жасалған және халықаралық аудиторлық қорытындымен расталған шоғырландырылған қаржылық есептілікте жарияланды.
Банктің 2024 жылғы 84,9 млрд. теңге мөлшеріндегі шоғырландырылмаған пайдасы акционерлердің шешімі бойынша өткен жылдардың бөлінбеген пайдасына капиталдандырылды. “Еуразиялық банк” АҚ-тың жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылданды.
“2024 жыл біз үшін маңызды кезең болды: біз оның тұрақтылығын нығайта отырып, банкті капиталдандыруының өсімін жалғастырдық. Шоттар мен салымдарға қаражат ағыны біздің клиенттеріміздің сенімінің жоғары деңгейін көрсетті. Бұл жыл банк үшін мерейтойлық жыл болды және біз клиенттік тәжірибенің сапасына ерекше назар аудардық және бірқатар әлеуметтік және мәдени бастамаларды жүзеге асырдық. Клиенттер мен серіктестерге көпжылдық ынтымақтастық үшін алғысымызды білдіреміз және біздің тұрақтылығымыз қоғамның игілігі үшін бұдан әрі де жалғасатынына сенімдіміз”, — деді Еуразиялық банктің Басқарма төрағасы Ляззат Сатиева.
Moody’s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігі 2024 жылғы қыркүйекте Еуразиялық банк депозиттерінің ұзақ мерзімді рейтингін Ba2-ден Ba3-ке дейін, сондай-ақ оның негізгі кредиттік рейтингісін b1-ден Ba3-ке дейін тұрақты болжаммен көтеріп, банктің проблемалық активтерді төмендету және пайда табу қабілеті бойынша тиімді жұмысын атап өтті.
Шоғырландырылған қаржылық есептіліктің негізгі көрсеткіштері:
2024 жылы Еуразиялық банк тобының активтері 2023 жылдағы 2,7 трлн. теңгеден 16%-ға, яғни 3,1 трлн. теңгеге дейін, оның ішінде банктің кредиттік портфельдің өсу есебінен артты.
2024 жылдың 12 айы ішінде кредиттеу 1,36 трлн. теңгеден 1,48 трлн. теңгеге дейін, яғни 9%-ға ұлғайды.
Клиенттердің депозиттері мен шоттарындағы қаражаттар 2,144 трлн. теңгеден 2,288 трлн. теңгеге дейін 7%-ға өсті, бұны банк клиенттердің білдірген сенімінің жоғары деңгейі деп бағалайды.
Банктің меншікті капиталы өткен жылдардың бөлінбеген кірісін инвестициялау есебінен 398,8 млрд. теңгеге дейін 31%-ға ұлғайды.
Нормативі 10,5% болатын меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті – 27,7%, бұл нарықтағы ең жақсы көрсеткіштердің бірі болып табылады және белсенді өсуді жалғастыруға мүмкіндік береді.
ҚОСЫМША АҚПАРАТ*
Нарықтағы үлестері
2024 жылы банк негізгі қаржылық көрсеткіштер бойынша позициясын сенімді түрде сақтап қалды:
активтер — 5,1% үлесімен (7-ші орын)
кредиттік портфель — 4,5% үлесімен (6-шы орын)
капитал — 4,6% үлесімен (7-ші орын)
клиенттердің қаражаты — 5,3% үлесімен (6-шы орын)
халықтың салымдары — 4,9% үлесімен (5-ші орын)
заңды тұлғалардың салымдары — 5,9% үлесімен (4-ші орын)
БӨЛШЕК БИЗНЕС
Банк осы сегменттегі бәсекелестікті едәуір күшейте отырып, жаңа және пайдаланылған автокөліктерге кредит беруде жиынтықты түрде нарықтық үлесі 23,6%-бен №1 көшбасшылықты ұстап қалды.
Цифрландыруға, тұтынушы жолдарын жақсартуға және өнім желісін кеңейтуге баса назар аудару келесі бағыттарды ұлғайтуға мүмкіндік берді:
— клиенттердің қаражаты 19%;
— кредиттік қоржынның көлемі 6%.
Банк жеке тұлғалардың салымдары бойынша 1 трлн. теңгеден асқан көшбасшы 5 банктің қатарында (салым көлемі, абсолютті мәнде өсім бойынша 5-ші орын + жылына 137 млрд. теңге.)
КОРПОРАТИВТІК БИЗНЕС
Корпоративтік клиенттерге берілген кредиттер 2024 жылы 12%-ға немесе 55 млрд. теңгеге өсті.
Клиенттердің қаражаты 1,5%-ға немесе 16 млрд. теңгеге өсіп, 1 077,2 млрд. теңгені құрады. Құжаттамалық операциялар портфелі 6,7%-ға немесе 3 млрд. теңгеге ұлғайып, 48,1 млрд. теңгені құрады.
Банктің эквайринг айналымы 2024 жылы 249%-ға өсіп, 503 млрд. теңгені құрады.
Банк Smart Business қосымшасын жақсарту және дамыту бойынша тиімді жұмыс жүргізді. Сондай-ақ, Visa Signature for Business премиум корпоративтік карталарын іске қосты және барлық бизнес карталарын (карталарды электрондық әмияндарға қосу) токенизациялауды жүзеге асырды.
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ДАМЫТУ
2024 жыл ішінде Еуразиялық банк Smart Business және Smartbank мобильді қосымшаларын дамыту бойынша белсенді жұмысын жалғастырды.
2024 жылы шағын, орта және ірі бизнестің негізгі құралы — Smart Business қосымшасы толығымен қайта қаралып, тұрақтылық пен өнімділікті арттыруға бағытталған ауқымды рефакторинг жүргізілді. Банк сонымен қатар пайдаланушы интерфейсін жаңартты, қауіпсіздік шараларын күшейтті және бірнеше сервистерді енгізді.
Клиенттік тәжірибені оңтайландыру және мемлекеттік сервистердің қолжетімділігін арттыру үшін 2024 жылы біз мемлекеттік ақпараттық жүйелермен 35 интеграцияны іске асырдық. Бұл Smartbank мобильді қосымшасындағы “Мемлекеттік қызметтер” бөлімін едәуір кеңейтуге және оны функционалдығы бойынша нарықтың жетекші ойыншыларының шешімдеріне жақындатуға мүмкіндік берді.
* Ақпарат ҚРҰБ деректерінің және банктің ішкі аналитикасының негізінде келтірілді.