Еуразиялық банк Банктің жалғыз акционері – “Еуразиялық қаржы компаниясы” АҚ (ЕФК) — 2024 жылғы барлық таза пайданы қаржы институтының капиталын ұлғайтуға бағыттау туралы шешім қабылдағанын хабарлайды. Қаражат өткен жылдардағы бөлінбеген пайдаға аударылады. Осыған сәйкес есепті кезеңдегі Банктің жай акциялары бойынша дивидендтер төленбейді.
Еуразиялық банктің 2024 жылғы шоғырландырылып аудиттелген қаржылық есептілігіне сәйкес таза пайда 82,7 млрд теңгені құрады.
Капиталды ұлғайту арқылы Еуразиялық банктің цифрлық data-driven банкіне көшу, өнім портфелін кеңейту, нарықтық күйзелістерге төтеп беру және салымшылар мен серіктестердің мүдделерін қорғау деңгейін күшейту жөніндегі жаңа стратегияны іске асырудың мығым негізін құрауға болады.
“Еуразиялық банк” АҚ актив көлемі жағынан жетінші орынды иеленген Қазақстанның әлеуметтік маңызды қаржы институты. Бөлшек сектор мен корпоративтік бизнес сегменттерінде жетекші позицияға ие. 1994 жылы негізі қаланған банк үдемелі тұрақты өсу стратегиясын ұстанады.
БАҚ-қа арналған байланыстар:
“Еуразиялық банк” АҚ PR-қызметі
+7 (727) 259-95-99, ішкі: 3046
press@eubank.kz