logo
Қз

Еуразиялық банк Атырау облысының Жылыой орталық аудандық ауруханасына демеушілік көмек көрсетті

Еуразиялық банк өңірлердегі әлеуметтік маңызы бар мекемелерге жүйелі түрде қолдау көрсетуді жалғастыруда. Бұл жолы банк Жылыой орталық аудандық ауруханасының (Атырау облысы) негізгі бөлімшелерін заманауи климат-бақылау жүйелерімен жарақтандыруды аяқтап, мекемеге тағы 14 кондиционер тапсырды. Өткен жылы аурухана олардың алғашқы партиясын көмекке алған болатын.

 

Аймақтың ыстық климатынан жаз мезгілінде әсіресе дәрігерлер мен пациенттер ерекше қиналады. Аурухана үй-жайлары салқындату құрылғыларынсыз қапырық әрі жайсыз болып, бұл жалпы қал-жағдайға тікелей әсер етеді. Енді заманауи кондиционерлер аурухананың барлық негізгі аймақтарын қамтитын болады.

 

“Жаңа кондиционерлер жайлы жағдай жасауға және медицина қызметкерлерінің күнделікті жұмысын жеңілдетуге көмектеседі деп үміттенеміз. Бұл өз мамандығына шынайы беріле, пациенттерге жанашырлық танытатын жандарды қолдау және оларға құрмет көрсетудің белгісі”, – деп атап өтті Еуразиялық банктің Атырау филиалының директоры Алия Утепкалиева.

 

“Осы жазда аймақтағы аптап ыстық ерте басталып, жұмыс жағдайын қиындатты. Кондиционерлерді орнату арқылы жағдай айтарлықтай өзгерді — қызметкерлер де, пациенттер де жеңілдеп қалды. Біз Еуразиялық банктің қолдау көрсетіп, ұжымымызға көңіл бөлгені және уақтылы көмек көрсеткені үшін алғыс айтамыз”, – деді Жылыой аудандық орталық ауруханасының директоры Асулан Абдрахманов.

 

Қазақстанның ең көне медициналық мекемелерінің бірі болып табылатын Жылыой аудандық орталық ауруханасының іргетасы 1928 жылы қаланған.  Жүз жылға жуық уақыттан бері ол акушерлік, гинекология, терапия, хирургия және педиатрия сияқты бағыттар бойынша аймақ тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмек көрсетіп келеді.

 

Еуразиялық банк — Қазақстанның әлеуметтік маңызды, ең ірі ондыққа кіретін коммерциялық банк. Автокредиттеу саласында абсолютті көшбасшы, бөлшек саудада жетекші орынға ие, корпоративтік және ШОБ клиенттеріне кең спектрлі қызметтерді  ұсынады.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.