Еуразиялық банк Директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов Республика күні қарсаңында Ақордада өткен салтанатты шарада “Құрмет” орденімен марапатталды.
Еліміздің экономикасын, мәдениетін және қоғамдық өмірін дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттау туралы жарлыққа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Еуразиялық банк командасы өз басшысының еңбегі жоғары бағаланғанын мақтан тұтады. Бұл марапат Шухрат Ибрагимовтың өз бизнесінің дамуын елдің болашағымен және оның экономикалық әл – ауқатымен байланыстыратын қазақстандық кәсіпкерлердің жаңа буын өкілі ретіндегі қызметінің нәтижелерін мойындағаны деп есептейміз.
Мемлекеттік марапаттауларға ие болғандардың ішінде Кенес Ракишев, Нурлан Смагулов, Вячеслав Ким, Арманжан Байтасов сияқты Қазақстанның белгілі бизнесмендері, ең жарқын іскерлік элита өкілдері бар.