Алматы, 2025 жылғы 30 қыркүйек
Еуразиялық банк жаңа үлгідегі банкоматтарға дауыс мәзірін енгізді Ол көзі нашар көретін адамдардың негізгі қызметтерді өздігінен пайдалануға мүмкіндік береді. Аталған қызмет банк орналасқан барлық аумақтарда жұмыс істейді. Мекенжайларының тізімі мына жерде қолжетімді.
Қызметті іске қосу үшін құлаққапты стандартты 3,5 мм жалғағышқа қосу керек. Содан кейін экран қараңғыланып, клиент деректерін қорғайтын “жасырын режим” қосылады.
Банкомат тілді таңдаудан бастап PIN-кодты енгізгіп, операцияны аяқтағанға дейін әрбір әрекетті кезең-кезеңімен дыбыстайды.
Қазіргі таңда үш базалық қызметке қол жеткізуге болады: қолма-қол ақшаны алу, шотты немесе картаны толықтыру және қалдықты тексеру. Мәзір командалары ғана емес, сонымен қатар карта қабылдағыштың қайда екені, чектің қайда шығатыны немесе ақша берілетіні туралы практикалық кеңестер де беріледі.
Дауыстық мәзір үш тілде қолжетімді — мемлекеттік, орыс және ағылшын. Дауыстық мәзір функциясы бар банкоматтар банктің барлық аймақтарында, соның ішінде пандустар, тактильді көрсеткіштер қарастырылған және қауіпсіздік қызметкерлері қажет болған жағдайда клиенттерге көмектесуге дайын тұратын сауда орталықтарында орнатылған.
Жоба мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қаржылық қызметтердің қолжетімділігі туралы ҚР ұлттық стандартын ескере отырып әзірленді. Тестілеу кезеңінде банк мүгедектер қоғамы мен «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РММ өкілдерімен кеңесті.
“Дауыстық мәзір-бұл әлемдік тәжірибеде бұрыннан қолданылып келе жатқан негізгі қолжетімділік стандарты. Біз инклюзивті ортаға және барлық азаматтар үшін банктік сервистердің қолжетімділігіне сенімді түрде бет бұрғанымызға қуаныштымыз”, — деп атап өтті Еуразиялық банк басқармасының төрағасы Ляззат Сатиева.
Бұл жоба көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған сервистерді бейімдеу бойынша банктің іске асырылған шешімдерін толықтырады. Бұрын eubank.kz корпоративтік сайты жаңартылған болатын: ол арнайы мүмкіндіктерге ие болды, соның ішінде қаріп көлемін теңшеу арқылы нашар көретін клиенттерге Банк өнімдері мен қызметтері туралы ақпаратпен танысуға мүмкіндік береді.