logo
Қз

Еуразиялық банк клиенттерінің жасаған саудалары Астанадағы алма ағашына айналды

Елорданың № 106 мектеп ауласында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін Недзвецкий алма ағашының 100 көшетінен тұратын ерекше қанқызыл түсті аллея пайда болды. Бұл ағаштардың жартысы, яғни 50 алма ағашы күнделікті өмірде банктің Экокартасын пайдаланған Еуразиялық банк клиенттерінің арқасында отырғызылды.

 

Таңертеңгі кофеден бастап ветеринарлық клиникаға баруға дейінгі әр жасалған саудадан автоматты түрде “Жердің тұрақты дамуы” экологиялық қорына жіберілетін бонустар түсіп отырды. Бірнеше айдың ішінде мектепке 50 көшет сатып алуға жеткілікті қажетті сома жиналды. Банк жиналған соманы екі есе көбейтуге шешім қабылдап, өз есебінен тағы 50 ағаш отырғызды.

 

“Бұл қаржы құралдарының экологияға қалай тікелей әсер етуі мүмкін екендігінің айқын мысалы, — дейді Еуразиялық банктің Астанадағы филиал директорының орынбасары Лимара Жаксыбаева, v Біздің клиенттеріміз бонус жинап қана қоймайды — олар жасыл болашақтың іргесін де қалайды. Әзірге Экокартаны 800-ден астам клиент пайдаланады. Енді оларға тағы мың адам қосылса не болатынын елестетіп көріңізші? Бүгін бұл Астанадағы 100 алма ағашы болса, ертең  еліміздің басқа өңірлерінде жаңа саябақтар пайда болады деген сөз”.

 

Көшет отырғызуға “Тұрақты даму” Жер қорының және “Жер амбассадорлары” қозғалысының қызметкерлері, сондай-ақ мектеп оқушыларының өздері белсене қатысты. Балалар үшін бұл маңызды экологиялық жобаға қатысудың құнды тәжірибесі болды.

 

“Эко-карта бойынша виртуалды кешбектен бастап нағыз ағаштардың пайда болуына дейінгі процесс қазіргі экологиялық жауапкершіліктің көрінісі болып табылады. Еуразиялық банктен біздің қорға түсетін қаражатты Астананың саябақтарында, скверлерінде, мектептерінде ағаш отырғызу секілді нақты көгалдандыру жобаларына бағыттаймыз. Бұл қалалық ортаны өзгертетін нақты, өлшенімді нәтиже”, — деді ҚЖБ “ТҰРАҚТЫ ДАМУ” Жер Қорының төрағасы Алан Бесен.

 

Көктемде банк көшет отырғызудың жаңа кезеңін жоспарлап отыр және ағаштардың саны карта иелерінің белсенділігіне тікелей байланысты болмақ. Неғұрлым көп сауда жасалса,  Қазақстан қалаларында ағаштар соғұрлым көп пайда болады.

 

Бұл қалай жұмыс істейді:

  • Экокарта бойынша жасалған әр сауданың 1% бонусы автоматты түрде көгалдандыру және қайта өңдеу жобаларына жіберіледі.
  • Қаражат “Жердің тұрақты дамуы” Қоры мен Eco Network қоғамдық бірлестігі арасында бөлінеді.
  • Картаның өзі қайта өңделген пластиктен жасалған және қайта өңдеуге жарамды.

 

Егер сіз көгалдандыру идеясын қолдасаңыз және күнделікті жасайтын саудаңызды жанды ағаштарға айналдырғыңыз келсе, қосылыңыз:

  • Банктің қосымшасынан Экокартаға тапсырыс беріңіз — жеткізу және қызмет көрсетудің бірінші жылы тегін.
  • Банк сайтында тіркеліп, 2026 жылдың көктемінде өтетін ағаш отырғызуға қатысыңыз.
  • Apple Pay, Samsung Pay және Google Pay арқылы өзіңізге ыңғайлы тәсілмен төлем жасаңыз.

 

Сонымен қатар Экокарта тек экологиялық жобаларды ғана қолдамайды. Саналы түрде таңдағаныңыз үшін алғыс ретінде Еуразиялық банк 2025 жылғы 18 маусымнан бастап 31 желтоқсан аралығында “Экокарта бойынша бонустар” науқанын өткізеді. Карта иелері табиғат пен үй жануарлардың күтіміне байланысты, бау-бақша тауарлары, ветеринарлық қызметтер мен үй жануарлары дүкендерінде жасаған саудалары үшін 5% бонус алады.   Толығырақ сілтеме бойынша.

 

Еуразиялық банк — климаттық әсерді азайту мақсатында 100 миллион ағаш отырғызу болып табылатын MasterCard-тың “Priceless Planet” коалициясы (Баға жетпес ғаламшар) жаһандық бағдарламасының қатысушысы. Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жоспарларын жариялады.

 

Өткен жылы Еуразиялық банк клиенттермен бірге Алматы, Астанада және басқа қалаларда Жерді дамыту қоры, “Алма Қала” эко-қозғалысы мен жергілікті әкімдіктердің қолдауымен 500 ағаш отырғызған болатын. 2024 жылдың көктемінде “Арқалан” петроглифтер саябағында жыңғылдар мен талдар пайда болды.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.