logo
Қз

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Еуразиялық банк Mastercard алғашқы тестілік криптокарталарын шығарды

Алматы, 2025 жылғы 4 қыркүйек – Еуразиялық банк Mastercard және Intebix криптобиржасымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қолдауымен алғашқы криптокарталардың тестілік шығарылымы туралы жариялады. Ағымдағы кезеңде өнімнің нақты жағдайда, атап айтқанда Masterсard және Apple Pay терминалдары арқылы тауарлар мен қызметтердің ақысын төлеу кезіндегі жұмысын тексеру үшін қолданылатын бірнеше карталар шығарылды.

 

Жарты жыл бұрын Digital Алматы 2025 форумында криптокарта жобасы ұсынылған еді. Бүгінгі күні ол нарық қатысушыларының технологиясы мен өзара әрекеттесуін тексеруге мүмкіндік беретін келесі даму кезеңіне қадам басты.

 

Криптокарта сатып алу ақысын Intebix биржасының нарықтық бағамы бойынша теңгеге айырбасталатын криптовалютамен (USDT және стейблкоиндермен) төлеуге мүмкіндік береді. Әрбір операция үшін алынатын комиссия небәрі 1%-ды құрайды, басқа криптокарталардың комиссиясы әдетте 3-6% болатынын ескерсек, бұл әлемдегі ең тиімді өнімнің бірі екенін көрсетеді.

 

Аталған кезеңде тәулігіне 1000 АҚШ долларына баламалы лимит белгіленген, бұл ретте қолма-қол ақшаны алу және аударым жасау әзірше қарастырылмаған. Барлық есептеулер теңгеде және Қазақстан аумағында ғана жүзеге асырылады. Банктің криптовалютамен тікелей әрекеттеспеуі маңызды: клиенттердің активтері Іntebix биржасында сақталады, ал картаның өзі ыңғайлы төлем құралы болып табылады.

 

“Ұлттық банк 2025 жылғы 3 маусымда тұтынушыларға “Астана” халықаралық қаржы орталығының лицензияланған криптопровайдерлерінде (криптобиржаларында) крипто-әмияндарға байланған қолма-қол ақшасыз транзакциялар жасауға мүмкіндік беретін  төлем карточкалары – “крипто-карталар” жобасын іске қосты. Бұл криптофиаттық шешім криптоиндустрияны қолданыстағы төлем инфрақұрылымына қауіпсіз әрі ыңғайлы біріктіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді және оны Қазақстанда одан әрі кеңейту мүмкіндігімен криптофиаттық арнаны құру (“use case”) кейсі болып табылады”, — деп атап өтті ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Берик Шолпанкулов.

 

“Криптовалюталар қазір энтузиастардың таңсығы емес және өзіндік нақты өнімдері, инфрақұрылымы бар, реттелетін қаржылық экожүйенің бір бөлігіне айналуда. Криптоәлем мен күнделікті төлемдер арасындағы көпір дәл осы жерде – Қазақстанда салынуда. Банктер криптоны сән үшін емес, клиенттердің сұранысы мен түсінікті экономика тоғысқан пайдалы себептер бойынша қолдана бастады”,— деді Еуразиялық банктің Басқарма Төрағасы Ляззат Сатиева.

 

Криптокартаны пилоттық режимде іске қосу − бұл жаңа өнімді шектеулі масштабта сынау мүмкіндігі. Міндетіміз инфрақұрылымның қауіпсіз әрі ыңғайлы жұмыс істеп, клиенттердің цифрлық активтермен кедергісіз төлеу тәжірибесін алатынына көз жеткізу.

 

“Mastercard Қазақстанда озық қаржы технологияларын  енгізуді белсенді қолдайды. Криптокартаны Еуразиялық банк және intebix-пен бірге пилоттық іске қосу арқылы әдеттегі төлем шешімдерінің клиенттер үшін қауіпсіз әрі ыңғайлы сервиске айнала отырып, цифрлық активтермен қалай үйлесетінін көрсетеді. Мұндай инновациялар экономиканың дамуына және заманауи қаржы құралдарына деген сенімді нығайтуға ықпал етеді деген ойдамыз”, — деп атап өтті Masterсard компаниясының Қазақстан мен Орталық Азиядағы бас директоры Санжар Жамалов.

 

“Банктік криптокартаны іске қосу — цифрлық активтерді күнделікті төлемдерге біріктірудің маңызды қадамы. Intebix арқылы айырбастау нақты уақыт режимінде жүреді, бұл клиенттердің криптовалютаны қолдануын оңай және ыңғайлы етеді. Біз бұл өнімнің Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де сұранысқа ие болатынына сенімдіміз”, — деп атап өтті Intebix цифрлық активтер биржасының директоры Талгат Досанов.

 

Анықтамалық ақпарат:

Еуразиялық банк – 2025 жылғы 1 тамыздағы деректер бойынша қазақстандық банктер арасында активтерінің көлемі бойынша жетінші орындағы Қазақстанның әлеуметтік маңызды қаржы институты. Автокредит беру саласының абсолютті көшбасшысы, тауарлық кредит берудегі үздік 3 банктің қатарына кіреді, бөлшек сауда бойынша алдыңғы қатарда, корпоративтік клиенттер мен кәсіпкерлерге кең ауқымды қызметтерді ұсынады. Банк ERG тобының (минералдық ресурстарды өндіру мен өңдеу саласындағы әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі) экожүйесіне кіреді.

“Еуразиялық банк” АҚ PR-қызметі

+7 (727) 259-95-99, ішкі: 3046

press@eubank.kz

 

Intebix (Biteeu Eurasia Ltd) – АХҚО, Австралия, Польша және Эстонияда лицензиясы бар ресми биржа. Biteeu SpaceX зымыранымен ғарышқа биржалық серверлерді ұшырған әлемдегі алғашқы биржа атанды. Биржа миссиясы – токенизацияланған активтердің жаңа, заңды нарығын құру.

 

Mastercard туралы (NYSE: MA)

Mastercard бүкіл әлем бойынша 200-ден астам елдегі жергілікті экономиканы дамыту және  адамдарды шабыттандыруға үлес қосатын компания. Клиенттерімізбен бірге біз әрқайсысы өздігінше өркендей алатын тұрақты экономикалық орта құрамыз. Біз цифрлық төлемдерді жүзеге асырудың көптеген мүмкіндіктерін жасаймыз, транзакцияларды қауіпсіз, қарапайым, қисынды әрі қолжетімді етеміз. Технологияларымыз бен инновацияларымыз, серіктестіктеріміз бен байланыстарымыз адамдарға, компаниялар мен үкіметтерге олардың ең үлкен әлеуетін жүзеге асыруға қызмет етеді.

Қазақстандағы Mastercard баспасөз кеңсесі

Тел: +7 (727) 264 67 37

mastercard@pressclub.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.