logo
Қз

Еуразиялық банк мерейтойлық жыл, цифрлық инновация және климаттық тәуекелдерді бағалау жайлы 2024 жылғы орнықты даму есебін ұсынды

Алматы, 2025 жылғы 23 қыркүйек

 

Еуразиялық банк өз тарихында екінші рет орнықты даму туралы есебін ұсынды. Құжат 2024 жылды қамтиды және Global Reporting Initiative (GRI Standards 2021) халықаралық стандарттары, “Климатқа байланысты ақпаратты ашу”  ҚЕХС S2 стандарты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) ұсынымдарына сәйкес дайындалған.

 

Есепті жылы банк негізгі көрсеткіштердің өсімін көрсете отырып, жеке және заңды тұлғаларға арналған сервистер желісін кеңейтті және цифрлық шешімдерді енгізуді жалғастырды. Сондай-ақ технологиялық инфрақұрылымға инвестициялар салынды, серіктестіктер нығайтылып, экономика мен қоғам үшін маңызды жобалар іске асырылды.

 

Негізгі инновациялардың қатарында банк қызметінің экономика, қоғам мен қоршаған ортаға әсерін, сондай-ақ сыртқы ESG факторларының бизнес-модельдің тұрақтылығына әсерін жан-жақты талдауға мүмкіндік беретін қос маңыздылықты бағалау практикасын енгізуді атап өтуге болады. Қаржыландырылған парниктік газдар шығарындылары алғаш рет есептеліп, бұл кредиттік портфелдің көміртектік ізін сандық бағалауға мүмкіндік берді. Банктің климат өзгерісінің әр түрлі сценарийлеріне төзімділігін растайтын климаттық стресс-тестілеу жүргізілді.

 

Экологиялық күн тәртібі басымдықтардың бірі болып қала береді. “Жасыл кеңсені” дамыту, энергия тиімділігін арттыру және қағаз құжат айналымын қысқартқаннан бөлек, Еуразиялық банк 2024 жылы Қазақстанда бірінші болып мақсаты бүкіл әлем бойынша 100 миллион ағаш отырғызу болып табылатын Mastercard-тың жаһандық бастамасы – Priceless Planet Coalition халықаралық коалициясына қосылды.

 

Осының құрметіне банк қызметкерлері Алматыда қызғылт каштандар аллеясын отырғызды. Сонымен қатар Mastercard-пен бірге транзакцияларының 1%-ы көгалдандыру және қайта өңдеу жобаларына жұмсалатын жаңа Экокарта дизайны ұсынылды.

 

Әлеуметтік жауапкершілік стратегияның маңызды бөлігі болып табылады. Банк білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласындағы әлеуметтік бастамаларға қолдау білдірді.

 

Корпоративтік мәдениетті дамыту және қызметкерлерге қамқорлық жасау ерекше бағыттардың бірі, бұл ретте оқыту бағдарламалары жүргізіледі, мансаптық өсу және қауіпсіз жұмыс ортасы үшін жағдайлар жасалады. Мерейтойлық жылда алғаш рет банк қызметкерлері арасында “Шын ниетті бастамалар” еріктілер жобаларының байқауы өтті. Байқау жеңімпаздары өздерінің қайырымдылық жобаларын жүзеге асыру үшін гранттар алды.

 

“2024 жыл Еуразиялық банк үшін ерекше жыл болды: біз 30 жылдықты атап өттік, стратегиялық циклдің маңызды кезеңін аяқтадық және орнықты даму туралы екінші есебімізді ұсындық. ESG қағидаттарын іс жүзінде қолдана отырып, банк ұзақ мерзімді тұрақтылыққа бағытталған стратегиясын жасауда. Біз банктің экономикаға қосқан үлесі әрқашан қоғам мен табиғат алдындағы жауапкершілікпен ұштастыруға тырысамыз”, – деп атап өтті Еуразиялық банк басқарма Төрағасы Ляззат Сатиева.

 

2024 жылғы орнықты даму туралы толық есеппен мына сілтеме бойынша Еуразиялық банктің ресми сайтынан танысуға болады.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.