Алматы, 2024 жылғы 21 қараша
Еуразиялық банк өз қызметінің 30 жылдығын клиенттер үшін маңызды оқиғалармен атап өтуде, яғни Қорғас халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында кәсіпкерлер мен бөлшек сауда клиенттеріне қызметтердің кең спектрін көрсететін бөлімше ашылды.
Қорғасқа келген клиенттер салым, ағымдағы шот және дебеттік карта, соның ішінде қосымша артықшылықтары бар премиум карта аша алады. Заңды тұлғалар үшін есеп айырысу шоттарын ашудан бастап корпоративтік карталар мен салымдарға қызмет көрсетуге дейінгі толық қызмет көрсету қолжетімді.
Бөлімше базасындағы кассалық қызмет клиенттерге теңге, доллар, юань, еуро, рубль валюталарын айырбастауға, сондай-ақ алтын құймаларды сатып алуға мүмкіндік береді. Банк клиенттеріне ыңғайлы болу үшін бөлімше аумағында байланыссыз төлемдерге арналған банкомат және терминал орнатылған.
Еуразиялық банктің Тікелей және серіктестік сатулар жөніндегі басқарушы директоры Рустам Жумадилов:
«Біз Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жанданғанын көріп отырмыз және бұл бөлімше біздің клиенттерімізге банктік қызметтерге және олардың бизнесінің өсуі үшін жаңа мүмкіндіктерге ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, клиенттерімізді қолдаудың маңызды буыны болатынына сенімдіміз. Қорғаста филиал ашу – бұл нарықтағы позицияларды кеңейту және нығайту стратегиямызды жүзеге асырудың тағы бір қадамы. Мерейтой жылы Банк үшін елеулі жетістіктер кезеңі болды және біз даму үстіндеміз және сервисті жақсартуды жалғастырып жатқанымызды мақтан тұтамыз».
№1912 бөлімше Банктің тармақталған филиалдық желісіндегі 120-шы бөлімше болды. Биылғы мерейтойлық жылдың басында Қарағанды мен Атырауда флагмандық бөлімшелер ашылды.
Бүгінде Еуразиялық банк клиенттеріне Қазақстанның барлық өңірлерінде орналасқан 18 филиал мен 120 бөлімше қызмет көрсетеді.
Бөлімше Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Атамекен ауылдық округі, Қорғас ауылы, №134 есептік квартал, №298 ғимарат, №1-2 бутик мекенжайында орналасқан.