logo
Қз

Еуразиялық банк пен Алматы прокуратурасы алаяқтыққа қарсы күрес туралы меморандумға қол қойды

Еуразиялық банк пен Алматы қаласының прокуратурасы интернет және телефон алаяқтығына қарсы іс-қимыл мақсатында ынтымақтастық туралы меморандум жасады. Құжат азаматтарды қорғау, олардың қаржылық сауаттылығын арттыру және жаңа алдау схемалары туралы ақпараттандыру бойынша бірлескен іс-қимылдарды көздейді.

 

Меморандумға сондай-ақ Центркредит банкі, ВТБ Банкі (Қазақстан), Алматы Нотариаттық палатасы және “Мир Квартир” компаниясы да қол қойды.

 

Еуразиялық банк Басқармасының Төрағасы Ляззат Сатиева:

“Алаяқтықпен бір ұйымның күшімен ғана күресу мүмкін емес — бұл жерде банктердің, мемлекеттік құрылымдардың, құқық қорғау органдарының және жалпы қоғамның бірлескен жұмысы маңызды. Еуразиялық банк жауапкершілік жүгін түсіне отырып, қаржылық сауаттылықты арттыру бағытында жүйелі түрде жұмыс істеп келеді. Біз алаяқтыққа қарсы түсіндірме роликтерінің сериясын түсіріп, банктің сайтында алаяқтықтың өзекті схемаларын үнемі жариялап отырамыз, қызметкерлерді қаскүнемдердің арбауына түскен клиенттерді дөп тануды үйретеміз. Мұның бәрі қауіп-қатерді жақсы түсінуге және қаржыңызды қауіпсіз басқаруға мүмкіндік береді деп үміттенеміз”.

 

Тараптар еліміздегі банктердің бөлімшелері мен филиалдарында орналастырылатын ақпараттық стендтер мен брошюралар жасау бойынша тұрақты түрде бірлескен жұмыс істеуге уағдаласты.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.