«Біз Ұлттық Банкке реттеуші құмсалғышта инновациялық қаржы өнімдерін сынау мүмкіндігі мен шабыттандырушы тәсілі үшін алғыс айтамыз. Біз клиенттерге қолданыстағы заңнама шеңберінде цифрлық активтермен жұмыс істеу үшін заманауи, қауіпсіз және толық заңды құрал ұсынуды өз міндетіміз деп санаймыз», – деп, Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Ләззат Сатиева айтты.
«Үкіметтің Ұлттық қаржы жүйесіне инновациялық шешімдерді интеграциялау жөніндегі бастамалары шеңберінде, intebix, криптовалюта саудасының қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті инфрақұрылым мен қолдауды ұсына отырып, Қазақстанда цифрлық активтердің экожүйесін қалыптастыруға белсенді ықпал етеді», – деп атап өтті Intebix цифрлық активтер биржасының директоры Талғат Досанов.
«Mastercard дәстүрлі төлемдердің ыңғайлылығы мен қауіпсіздігін бүкіл әлемдегі крипто-активтердің мүмкіндіктерімен үйлестіретін финтехтің дамуына және шешімдерді енгізуге белсенді қолдау көрсетеді. Мәселен, Еуразиялық банк, Intebix және Mastercard криптовалюталық төлем картасы Қазақстан азаматтарының цифрлық активтерді заңды пайдалануын кеңейту жолындағы маңызды құралға айналады», – Қазақстан мен Орталық Азиядағы Mastercard бас директоры Санжар Жамалов атап өтті.
Соңғы жылдары Қазақстанда криптовалюта операцияларына үлкен қызығушылық байқалуда, цифрлық активтерді қаржы жүйесіне интеграциялауға бағытталған бастамалар енгізілуде, бұл криптовалюталарға деген сенімнің артуына және оларды кеңінен пайдалануға ықпал етеді. Бизнес пен жеке пайдаланушылар үшін крипто-операциялардың өзектілігі жылдам және ыңғайлы трансшекаралық есеп айырысу, тәуекелдерді хеджирлеу және активтерді әртараптандыру мүмкіндігіне байланысты. Криптовалюталық төлем карталары сияқты инновациялық өнімдерді іске қосу пайдаланушыларға криптоактивтермен жұмыс істеу үшін қауіпсіз және ыңғайлы құралдарды қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның цифрлық экономикасының одан әрі дамуына ықпал етеді.
Қосымша ақпарат:
Еуразиялық банк – 2024 жылғы 1 желтоқсандағы деректерге сәйкес қазақстандық банктер арасында актив көлемі бойынша жетінші орындағы Қазақстанның әлеуметтік маңызды қаржы институты. Автокредиттеу саласында абсолютті көшбасшы, тауарлық кредиттеуде үздік 3 банк қатарында, бөлшек сауда бойынша жетекші позицияға ие, корпоративтік клиенттер мен кәсіпкерлерге кең спектрлі қызметтерді ұсынады. Банк ERG тобының (минералды ресурстарды өндіру және қайта өңдеу саласындағы ең ірі компаниялардың бірі) экожүйесіне жатады.
«Еуразиялық банк» АҚ PR-қызметі
+7 (727) 259-95-99, ішкі.: 4401
press@eubank.kz
Intebix (Biteeu Eurasia Ltd) АХҚО, Австралия, Польша және Эстонияда лицензиясы бар ресми биржа. Biteeu SpaceX зымыранымен ғарышқа биржаның серверін ұшырған әлемдегі алғашқы биржа болды. Биржаның миссиясы – токенизацияланған активтердің жаңа, заңды нарығын құру.
Masterсard туралы (NYSE: MA)
Mastercard жергілікті экономиканы дамытады және бүкіл әлем бойынша 200-ден астам елдегі адамдарды шабыттандырады. Клиенттерімізбен бірге біз әркім өркендей алатын тұрақты экономикалық орта құрап жатырмыз. Біз сандық төлемдерді жүзеге асырудың көптеген мүмкіндіктерін жасаймыз, транзакцияларды қауіпсіз, қарапайым, ақылды және қол жетімді етеміз. Біздің технологияларымыз бен инновацияларымыз, серіктестік пен байланыстарымыз, адамдарға және компанияларға сонымен қатар үкіметке, олардың ең үлкен әлеуетін жүзеге асыруда көмектесуге қызмет етеді.
Қазақстандағы Mastercard баспасөз кеңсесі
Тел: +7 (727) 264 67 37
mastercard@pressclub.kz