logo
Қз

Еуразиялық банктің командасы киберқауіпсіздік бойынша жарыста ең мықты деп танылды

2025 жылғы 5 мамыр, Алматы қ.

Еуразиялық банктің ақпараттық қауіпсіздік қызметінің командасы «Арыстан» мамандандырылған лицейінің базасында өткен Military CTF: Digital Fortress киберқауіпсіздік бойынша ауқымды турнирде бірінші орынды иеленді.

 

Жарыс IT-индустрия өкілдерін, техникалық мамандықтар бойынша білім алатын студенттерді, әскери кафедралардың курсанттарын және болашақ офицерлерді біріктірді. Қатысушыларға шынайы киберқауіптерге жақын қорғалған жүйелерді бұзу, криптография, желілік трафикті талдау, форензика, веб-қосымшаларды қорғау және осалдықтарды іздеу секілді 25 тәжірибелік тапсырманы шешуі қажет болды.

 

«Бүгінгі таңда әрбір компания, мейлі ол қорғаныс құрылымы болсын, мейлі банк болсын, жаңа цифрлық қауіптерге тап болуда және оларға тиімді қарсы тұру үшін жылдам әрекет етуге дайын сарапшылар тобының болуы маңызды. Мұндай турнирлер бізге тәжірибе алмасуға, қорғаудың жаңа әдістерін қадағалауға және клиенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметін күшейтуге көмектеседі. Біз турнир ұйымдастырушылары — «Арыстан» лицейі мен Астана АТ-университетінің әскери кафедрасына білім мен тәжірибелік дағдылармен алмасуға арналған бірегей платформа жасағаны үшін ризашылығымызды білдіреміз», — деді Еуразиялық банктің ақпараттық қауіпсіздік қызметінің директоры Эркин Рустамов.

Еуразиялық банктің Digital Fortress турниріне қатысу — бұл банктің жас мамандарының дамуына және білім беру бастамаларын қолдауға қосқан үлесі ғана емес, сонымен қатар өзінің киберқауіпсіздік стратегиясының маңызды элементі болып табылады. Жеке деректерді, клиенттердің қаржылық активтерін қорғау және цифрлық инфрақұрылымның тұрақтылығын қамтамасыз ету дағдыларды үнемі жетілдіруді және тәжірибе алмасуды талап етеді.

 

«Тапсырмалар орташа қиындықтан жоғары дәрежелі қиындық аралығында болды, бірақ біздің дайындығымыз бен үйлесімді командалық жұмысымыздың арқасында біз оларды сәтті орындадық. АТ-қауіпсіздік мониторингі және бақылау бөлімінің бас сарапшысы Жансая Қайрхан осы жайлы өз ойымен бөлісе отырып: «Турнир киберқауіпсіздік дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, сонымен қатар күнделікті жұмыста қолдана алатын құнды тәжірибе алуға тамаша мүмкіндік болды», — деді.

 

Ұйымдастырушылар киберқауіпсіздік бойынша жарыстар ел қорғаушыларын даярлауда маңызды кезең болғанын және оларға мемлекетті қорғау үшін барынша жақсы құралдарды беру қажеттігін атап өтті. Олар болашақта бұндай турнирлерді тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.