logo
Қз

Еуразиялық банк S&P Global ratings халықаралық рейтингтік агенттігінің әрекеттеріне түсініктеме жасады

Баспасөз-релиз, Алматы қ., 2019 жылғы 26 ақпан

 

«Еуразиялық банк» АҚ (бұдан әрі – «банк») банктің ұзақмерзімді кредиттік рейтингін «B» деңгейінен «B-» түсірген S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігінің әрекетін түсіндірді. Бірнеше қазақстандық банктерге қатысты түрлі рейтингтік әрекеттердің болғанын, бұның Агенттіктің мемлекет тарапынан қолдау ықтималдығының төмендеуі туралы пікірінен туындағанын атап өту керек.

 

«Еуразиялық банк» АҚ Басқарма төрағасы Павел Логиновтың мәлімдеуінше,

«мұндай рейтингтік әрекет жақынарада «Цесна банк» АҚ-да болған оқиғаларға байланысты Қазақстанның банк нарығындағы жалпы жағдайы бойынша жасалған болатын». Жағдайды түсіндіру үшін ҚР Ұлттық Банкі S&P Global Ratings атына мәлімдеме шығарды, онда «бірыңғай маңызды банктерге», қатарына Еуразиялық банк те кіретін ҚР банктік секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасының қатысушыларына әрі қарай да олардың «өзекті сегментті нарықтағы (төлем жүйелері, кредитті және депозитті нарықтар) бірыңғай маңыздылығының» себебі бойынша мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады, деп хабарлады.

 

Сонымен қатар Банктің рейтингісі бойынша болжам «Жағымсыздан» «Тұрақтыға» өзгерді. S&P Global Ratings «жақынарадағы 12 айда банктің бизнес-тәуекелдер профилі және қаржылық көрсеткіштері жалпы тұрақты болып қалатынын» растады. Агенттік «Еуразиялық банк қазіргі уақыттағы тең өтімділік қорларын әрі қарай да қолдайды» деп болжайды.

 

Банк басшысы Павел Логиновтың сөздеріне сәйкес, «Еуразиялық банк Қаржылық тұрақтылықты арттыру бағдарламасына бір жарым жыл қатысу ішінде резервтерді құру бойынша 134% реттеушінің талабын асыра орындады. Еуразиялық банктің өтімділік көрсеткіштері салыстырмалы деңгейдегі реттеуші және орта мағынадан асады. Мерзімдік және валюталық өтімділік көрсеткіштері бойынша банк бүгінгі күнде ҚР банктерінің арасында көшбасшы болып табылады.   Ағымдағы күнге банктің жоғары өтімді активтері баланстың үштен бірін (32%) құрайды, бұл клиенттердің алдындағы өз міндеттемелерін орындаудың үздіксіздігін қамтамсыз етуге көмектеседі.   Еуразиялық банк активтер бойынша ЕДБ арасында 8 орында, активтер жылдың аяғында 1,116 трлн теңгені құрады. 2018 жылғы қорытынды бойынша тұрақты және кірісті бизнес-модельдің арқасында Еуразиялық банк 11,4 млрд теңге мөлшерінде пайда көрді. Банк ERG ірі халықаралық өнеркәсіптік топтың акционерлері болып табылатын меншік иелері жағынан кең қолдау көреді.

 

 2018 жылдың қорытындылары бойынша «Еуразиялық банк» АҚ қаржылық көрсеткіштері:

  • Активтері – 1,116 трлн теңге, ЕДБ арасында 8 орын;
  • Капитал – 94,5 млрд теңге, ЕДБ арасында 10 орын;
  • Пайдасы – 11,4 млрд теңге, ЕДБ арасында 8 орын;
  • Жеке тұлғалардың салымдары – 398 млрд теңге, ЕДБ арасында 7 орын;
  • Капиталдың табыстылығы 4,4%-дан 12,2%-ға дейін өсті (2017ж. салыстырғанда);
  • Cost to Income Ratio көрсеткіші (кірістерге қатысты операциялық шығыстар) 96%-дан 45,4%-ға дейін төмендеді (2016ж. салыстырғанда);
  • 2018 жылғы қорытындылар бойынша банк бөлшек кредиттік портфель мөлшері бойынша банктердің арасында 4-орынды алады;
  • Тауармен кредит беру нарығындағы үлесі – 20%;
  • Автокредит беру нарығындағы үлесі – 52%;
  • Белсенді клиенттер саны – 1,2 млн аса жеке және заңды тұлғалар.

 

Еуразиялық банк Қазақстандағы ірі салық төлеуші және жұмыс беруші – ERG тобының корпоративтік банктерінің бірі болып табылады, топта 60 000 көп  адам жұмыс істейді. ERG Қазақстанның экономикасына қосқан үлесі 4% (ЖІӨ үлесі). Қазіргі күнде ERG Қазақстанның металлургиялық тау-кен өндіру өнеркәсібінің 30% қамтиды, сондай-ақ еліміздегі электр қуатының негізгі жеткізушісі болып табылады. ERG 40% үлесі Қазақстан Республикасы Үкіметіне тиесілі екенін атап өту керек.

Еуразиялық банк бірқатар мемлекеттік бағдарламаларға, оның ішінде «7–20–25» және «Баспана хит» ипотекалық бағдарламаларына, ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасына, «Даму» қорының бағдарламаларына, отандық автоөндірушілерді қолдауға бөлінген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының және республикалық бюджетінің қаражатынан «Қазақстан Даму Банкі» АҚ ынтымақтастық аясында жеңілдікпен кредит беру бағдарламаларына қатысады. Банктің ағымдағы мемлекеттік бағдарламаларға қатысу аясында мемлекеттің бөлген қаражатының жалпы көлемі 30 млрд теңгеден аса соманы құрайды.

2019 жылғы қаңтарда Еуразиялық банктің «Астана банкі» АҚ 275 мың салымшыларына кепілдікті өтемді төлеу бойынша банк-агент болып таңдалғанын естеріңізге саламыз. Реттеушіні таңдау банктің сенімділігімен, пруденциялық нормативтерді орындауымен, сондай-ақ бөлімшелерінің кең желісінің болуымен келісілді.

 

 

«Еуразиялық банк» АҚ PR-қызметі:

+7 (727) 259-95-99, ішкі: 3453

press@eubank.kz

eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.