Баспасөз-релизі, 2019 жыл 1 ақпан, Алматы қ.,
1 ақпанға «Еуразиялық банк» АҚ «Астана Банкі» АҚ клиенттеріне 30,7 миллиард теңге көлемінде кепілді өтемді төледі. Бұл «Астана Банкі» АҚ салымшыларының алдындағы міндетті төлеу қаражат мөлшерінің 82% құрайды.
Қазақстан Республикасының облыстарында міндеттің 75% астам мөлшерін құрайды. «Еуразиялық банк» АҚ «Астана Банкі» АҚ клиентіне орташа қызмет көрсету уақыты 5-тен 15 минутқа дейін құрады.
4 ақпаннан бастап төлем орталықтары «Астана Банкі» АҚ клиенттерінің ағыны мен бөлімшелердегі жүктеменің азаюына байланысты «Еуразиялық банк» АҚ «Астана Банкі» АҚ салымшыларына қызмет көрсететін төлем орталықтарының жұмыс кестесін өзгертеді.
Жұмыс күндері төлем орталықтары 09:00-ден 19:00-ге дейін, түскі үзіліссіз. Сенбі күндері — 09:00-ден 16:00-ге дейін, түскі үзіліссіз. Жексенбі — демалыс. 2019 жылдың 18 ақпанда төлем орталықтары жұмысын тоқтатады.
«Астана Банкі» АҚ салымшыларына кепілді өтемді төлеу 2019 жылдың 26 шілдеге дейін Еуразиялық банктің жеке тұлғаларға қызмет көрсететін барлық бөлімшелерде кезекті тәртіпте төленеді.
Банк жайлы
Еуразиялық банк — Қазақстандағы әлеуметтік маңызды 24 жылдық тарихы бар коммерциялық банк. Қаржы институты жекелей банкинг нарығында алдыңғы қатарда, ШОБ мен корпоративті клиенттерге ауқымды қызметті көрсетеді. Банк қарқынды түрде автонесиелеуді, POS-несиелеуді, төлем карталары бағытында, мобильді банкинг пен жалақы жобаларын дамытуда.
«Еуразиялық банк» АҚ PR-қызметі:
+7 (727) 259-95-99, ін.: 3453
press@eubank.kz
eubank.kz