Еуразиялық банк БАҚ-тың Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасай отырып, банк қызметкерлерінің ҰҚТ-ға қатысуы туралы пайда болған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.
Еуразиялық банк қызметкерлері ҰҚТ құрғаны және қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған және осы қылмыстық іске қатысы жоқ.
Банк үшін клиенттер мен серіктестердің сенімі өте маңызды. Банк өзінің іскерлік беделін қорғау үшін барлық қолжетімді заңды құралдарды пайдалануға толық дайын.