logo
Қз

Еуразиялық банк алынған пайданы белсенді операцияларды қарқындатуға және технологияларды дамытуға жұмсайтын болады

2022 жылғы 23 маусым, Алматы

Еуразиялық банктің жалғыз акционері 2021 жылға дивиденд төлемей, 12 732 416 000 теңге мөлшеріндегі таза пайданы банктің резервтік капиталын ұлғайту үшін пайдалану туралы шешім қабылдады.

 

Еуразиялық банктің Директорлар кеңесінің мүшесі Шухрат Ибрагимов дивидендтерден бас тарту туралы мұндай шешімді банк акционері көптеген жылдар бойы дәстүрге айналдырғанын түсіндірді.

 

“Алынған барлық пайда бұрынғысынша Қазақстан экономикасын қаржыландыруға және банк технологиялары мен клиент сервистерін дамытуға арналған инвестицияларды одан әрі арттыру мақсатында капиталдандыру үшін банк иелігінде қалады”, – деді Ибрагимов.

 

Акционер сондай-ақ “КПМГ Аудит” АҚ аудиторлық компаниясы растаған, халықаралық стандарттар бойынша құрылған 2021 жылғы шоғырландырылған және шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті бекітті.

 

“Еуразиялық қаржы компаниясы” АҚ – “Еуразиялық банк” АҚ дауыс беретін акцияларының 100% пакетіне ие Банктің жалғыз акционері.

 

“Еуразиялық банк” АҚ — 28 жылдық даму тарихы бар Қазақстанның әлеуметтік маңызды коммерциялық банкі. 1,414 триллион теңгені құрайтын активтерімен еліміздегі бөлшек банкинг нарығында жетекші орындағы, корпоративтік клиенттер мен ШОБ субъектілеріне қызметтердің кең ауқымын ұсынатын ең ірі сегіз банктің қатарына кіреді.  Банктің Moody’s шкаласы бойынша В2 рейтингі 2022 жылғы 12 сәуірде “тұрақты” деген бағамен расталды. Банк ERG тобының (минералдық ресурстарды өндіру мен өңдеу саласындағы әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі) экожүйесіне жатады.

 

Байланыстар үшін:

Еуразиялық банктің PR-қызметі
+ 7 (727) 259-95-99, ішкі: 3046
press@eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.