logo
Қз

Еуразиялық банк пен «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі антрепренерлік банкинг шеңберінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Еуразиялық банк антрепренерлік банкинг бағдарламасы шеңберінде инновациялық ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландыру және инвестициялар тарту саласында ынтымақтастыққа дайындығын растады. 30 мамыр күні Алматыда Банк пен «Парасат» ұлттық холдингі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Құжатқа Еуразиялық банк басқармасының төрағасы Майкл Эгглтон мен холдинг басқармасының төрағасы Әбдікәрім Абжалелович Зейнуллин қол қойды.

 

Меморандумның мақсаты – серіктестік қарым-қатынастар орнату, бірлескен инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін бірлесе күш салу және ұзақ мерзімді инвестицияларды тартуды қоса, қазақстандық өнеркәсіпті дамыту. Перспективалық бағыттардың ішінде алюминий өндіру бойынша Қостанай облысында тау-кен энергетикалық кластерін жасау жобасы ерекше орында.

 

«Былтырғы жылы Қазақстанда темірлі бокситті өңдеудің жаңа, үнемдірек және экологиялық әдісі патенттелді. Ол алюминий өндірісінде қолданылады және іс жүзінде қалдықтардың атмосфераға бөлінуін екі есе төмендетуге мүмкіндік береді, – деді меморандумға қол қою барысында «Парасат» холдингінің басқарма төрағасы Әбдікәрім  Зейнуллин. Оның айтуынша, өндірісте жаңа технологияның өтелімділігі 7-8 жылды құрайды. Бұл ретте шикізат шығындары  20%-ға төмендейді.

 

«Парасат» холдингі қазақстандық ғалымдарға ғылыми зерттемелерді коммерциялауға көмектеседі. Оның қолдауымен жүзеге асырылуға дайын 100-ден аса ғылыми-техникалық жоба әзірленді. «Еуразиялық банктің» өндірістік кәсіпорындармен жұмыс жүргізу бойынша қомақты тәжірибесімен қоса, ел экономикасының прогрессивтік дамуын қамтамасыз ететін қазақстандық ғылымды дамытуға деген зор құлшынысы бар», – деп атап өтті Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Майкл Эгглтон.

Анықтама:
«Еуразиялық банк» АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде бүгінде 20 филиалы мен 143 бөлімшесі жұмыс істейді, Новосибирск қаласындағы филиалымен Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+, KZRating: халықаралық шкала бойынша ВВ+, ұлттық шкала бойынша А+, болжам «тұрақты». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік банкі» (EMEA Finance журналы – 2013), «Қазақстанның үздік бөлшек банкі»  (Asian Banking & Finance), 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік банкі» (Euromoney) және 2012 ж. «Қазақстандағы жыл банкі» (The Banker) номинацияларындағы марапаттармен расталған.

«Парасат» ұлттық ғылыми-техникалық холдингі 2008 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасының Білім беру және ғылым министрлігінің ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтарының  негізінде құрылған. Холдингтің басты мақсаты – Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуында зор серпілісті қамтамасыз ету. «Парасат» нарық қажеттіліктерін ескере отырып, нақты экономика саласына заманауи ғылыми зерттемелерді енгізуге көмектеседі, ғылыми зерттеулердегі стратегиялық бағыттарды анықтайды. Холдинг құрылымында Қ.Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты, Жер туралы ғылымдар, металлургия және кен байыту орталығы, «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі, Физика-техникалық институты, Сейсмология институты,  У. Ахмедсафин атындағы гидрогеология және геоэкология институты, Алтай геология-экология институты, География институты, Ұлттық ақпараттандыру орталығы сияқты танымал ғылыми ұйымдар топтастырылған.  
 

«Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 4802)
press@eubank.kz
www.eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.