logo
Қз

Еуразиялық Банк пен Visa Екібастұз тұрғынына Әлем чемпионатына Бразилияға саяхатты сыйға тартты

23.05.2013, Алматы. «Visa картасымен төле де Бразилияға ұш!» акциясының қорытындысы шығарылды. Екібастұз тұрғыны Айхан Рахимов футболдан Әлем чемпионатына Бразилияға жолдаманы ұтып алды. Акцияның жеңімпазы Сан-Паулудағы ең ірі футбол стадионына келу және  Порт-Аллегри  топтық кезеңнің кездесуін көру мүмкіндігін иеленді.

 

Еуразиялық банк  эмитеттеген (айналысқа ақша шығару) Visa  төлем жүйесі жүргізген акцияға Visa  төлем карталарын ұстаушылардың барлығы қатыса алатын. Бұл үшін         2014 жылдың 10 наурызы мен 30 сәуірі  кезеңінде Қазақстанның кез келген сауда-сервистік кәсіпорынның желісінде немесе одан тыс жерлерде, не Интернет желісінде  кез келген сомаға бірден кем емес  транзакция жасауы керек еді. Транзакциядан кейін қатысушы www.visa.com.kz сайтында тіркелуі тиіс болатын. Жеңімпазды кездейсоқ сандар әдісімен таңдады.

 

Акцияның жеңімпазы Айхан Рахимов 27 жаста, ол көмір разрездерінің бірінде маркшейдер болып жұмыс істейді. «Мен әрқашан Еуразиялық банктің Visa картасын белсенді қолданамын және Оңтүстік Америкаға баруды армандадым. Наурыз айы бойы 10-санынан бастап карта бойынша жалақымның жартысын жібере отырып, төлемді тіркедім», – дейді жүйеде 15 рет транзакция жасаған  және 15 рет тіркелген жеңімпаз  (бұған акция талаптарында рұқсат берілген).

 

Еуразиялық банк Басқармасының төрағасы Майкл Эгглтон мен Қазақстандағы  Visa бизнесін дамыту жөніндегі директор Салтанат Кубдашева өзінің клиенттерін жеңісімен құттықтады. Саяхатқа сертификат пен бір жыл бойы тегін қызмет көрсетілетін Visa картасын  Айхан Рахимовқа Алматыда, Еуразиялық банктің бас офисінде тапсырды. Жеңімпаз ары-берлі екі жаққа бірдей әуе билетін, төрт жұлдызды қонақүйге төленген трансферлерді,  медициналық сақтандыруды және ең бастысы – турнир матчына билет алды.

 

«Біз әрқашан Visa  компаниясымен бірлескен акцияларға үлкен шынайы көңілмен қатысамыз», – деп атап көрсетті Еуразиялық банк Басқармасының төрағасы Майкл Эгглтон. «Еуразиялық  банк  тартымды карточкалық өнімдердің желісін тұрақты кеңейтуде, біз жақында Қазақстанда алғаш рет жұмсаған сомаңыздың бөлігін қайтаруды қамтамасыз ететін  cashback функциясы бар Visa картасын іске қостық. Қазіргі заманғы карточкалық өнімдер тамаша жүлделерді жеңіп алу мүмкіндігін қоса алғанда, клиенттерге басымдылықтар жиынын береді».

 

Айханды жеңісімен құттықтай отырып, Қазақстандағы Visa бизнесін дамыту жөніндегі директор Салтанат Кубдашева келесілерді атап көрсетті: «Осыған ұқсас акциялар  Visa картасымен сатып алуларға ақы төлеу  – тек қана қолайлылық пен қауіпсіздік қана емес, сондай-ақ көптен бергі арманыңды жүзеге асырудың таңғажайып мүмкіндігі де. Біз сонымен бірге Visa-ның FIFA-мен серіктестігінің мәнінің зор екенін де атап өткіміз келеді. Эксклюзивтік маркетингтік кампанияларды, FIFA™ футбол бойынша Әлем чемпионатының шеңберінде шаралар мен бағдарламаларды жүргізуге құқық ала отырып, біз  компанияның банк-серіктестердің бизнесін дамытуға, жаһандық аумақта Visa өнімдеріне тұтынушылардың   адалдығын жоғарылатуға әсер ететін бірегей мүмкіндікті иелендік».

 

Бұл 2014 жылы Еуразиялық  банктің клиенттері жеңімпаз болып отырған Visa компаниясының екінші ірі акциясы. Ақпан айында он бес жасар алматылық Жәнібек Мананбаев  сатып алғандарына  Еуразиялық Банктің Visa картасымен ақы төледі және басты жүлде  –  Сочи Олимпиадасына саяхатты жеңіп алған еді.


Анықтама:

Visa әлемнің 200-ден аса елдерінде электрондық төлемдердің тез, қауіпсіз және сенімді желілеріне  карта ұстаушыларға, сауда-сервистік кәсіпорындарға және үкіметтік мекемелерге қолжетімділікті қамтамасыз ететін жаһандық төлем жүйесі болып табылады. Электрондық төлемдер тұтынушылар үшін алаяқтықтан қорғауды және сауда-сервистік кәсіпорындар үшін төлемдер жүргізуге кепілдікті қамтамасыз ететін, секундына 47,000-нан астам транзакциялар өңдеуге қабілетті VisaNet  жаһандық инновациялық процессингілік жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Visa банк емес, төлем карталарын шығармайды, тұтынушылар үшін комиссияларды немесе пайыздық мөлшерлемелерді белгілемейді, сондай-ақ карта ұстаушыларға кредит бермейді. Өз кезегінде, Visa инновациялық шешімдері қаржылық ұйымдарға өзінің клиенттеріне дебеттік, алдын ала төленген және кредиттік карточкалық өнімдерді қоса алғанда, қаржылық аспаптардың кең таңдау мүмкіндігін береді.

Толығырақ ақпаратты келесі мекенжай бойынша алуларыңызға болады: www.corporate.visa.com

 

«Еуразиялық банк» АҚ баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 4802)
press@eubank.kz
www.eubank.kz

Қазақстандағы Visa баспасөз қызметі
Жулдыз Баймагамбет
+7 (727) 225 12 75 (ішкі 107)
zhuldyz.baimagambet@ogilvypr.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.