logo
Қз

Еуразиялық банк халыққа алтын құймаларын сатуға кірісті

Алматы, 2017 жылғы 9 маусым – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ағымдағы жылдың 31 мамырында іске қосқан бағдарлама аясында «Еуразиялық банк» АҚ халыққа тазартылған алтынның өлшеуіш құймаларын сатуға кірісті.

 

8 маусымнан бастап құймаларды Алматы, Өскемен және Атырау қалаларындағы банк бөлімшелерінде сатып алуға болады. Қазақстан теңге сарайы дайындаған алтын құймалар төрт түрде, яғни 10, 20, 50 және 100 грамнан ұсынылады.

 

2017 жылғы 08 маусымдағы жағдай бойынша тазартылған алтын құймаларды сату бағамы:

Құйма салмағы,

грамм

1 грамм үшін

бағасы, теңге

1 құйма үшін бағасы, теңге

10

13 400

134 000

20

13 400

268 000

50

13 400

670 000

100

13 400

1 340 000

 

Инвестициялық алтынның алғашқы сатып алушысы «Еуразиялық банк» АҚ Басқарма Төрағасы Павел Логинов болды.

 

«ҚРҰБ бағдарламасы бірқатар көрсеткіштері бойынша басқа елдердің ұқсас бағдарламаларынан тиімді ерекшеленеді. Біріншіден, бағдарламаға қатысушы банктер құймаларды халықтың бірінші талап етуімен ақшаны клиентке «дәл сол күні» төлеп сатып алуға міндетті, бұл жәйт құралдың аса жоғары өтімділігіне кепілдік береді. Екіншіден, орамасы бұзылған құйманы да ҚРҰБ тиісінше сараптама жүргізгеннен кейін сатып алуға болады. Үшіншіден, Қазақстан Республикасында инвестициялық алтынға ҚҚС салынбайды, ендеше алтынды пайда жоғалтпай сатуға болады деген сөз. Біз бағдарламаны халық қаражатын қорғау құралдарының спектрін кеңейтуде маңызды қадам ретінде қарастырамыз. Алтын сенімді, өтімді деген маңызды сипаттамаларға ие, ол бойынша өсім болжанады. Банк секторы мен валюта нарығындағы тұрақсыздық жағдайында да алтын лайықты әрі балама дәстүрлі жинақ құралы бола алады»,  – деп түсіндірді «Еуразиялық банк» АҚ Басқарма Төрағасы Павел Логинов.

 

Өлшеуіш құймаларды «Еуразиялық банк» АҚ-тың келесі бөлімшелерінде сатып алуға болады:

Алматы қ.: Байтұрсынов к-сі, 50-52
Өскемен қ.: Е.П. Славский ат. жағалау, 24/3
Атырау қ.: Құлманов к-сі, 107

 

Анықтама:

Еуразиялық банк – 1994 жылы негізі қаланған әмбебап қазақстандық банк. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі және Новосибирск, Омбы  мен Челябинск қалаларында кредиттік-кассалық офистері бар.    S&P рейтингі: В, «тұрақты» деген болжамға ие. KASE мүшесі, KazPrime-ге қатысушы. Банктің сәтті қызметі халықаралық басылымдармен  берілген номинациялардағы марапаттарымен расталады, олар – «Қазақстанның үздік банкі» – IAIR, 2014 ж. «Қазақстанның үздік банкі» – EMEA Finance, 2013 ж., 2014 ж., «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» – Asian Banking & Finance, 2012, 2013 және 2015 жылдар, «Қазақстанның үздік банкі» – Euromoney, 2012 ж. және «Қазақстандағы жыл банкі» – The Banker, 2012 және 2014 жылдар.

 

Еуразиялық банк Қазақстанның ЖІӨ-нің 4%-нан артық үлесіне және оның металлургиялық және кен өндіру өнеркәсібінің үштен бір бөлігіне ие табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу саласындағы ірі әртараптандырылған компания – Eurasian Resources Group S.a.r.l. («ERG») иелеріне тиесілі. Қазір Eurasian Resources Group феррохромның ең ірі өндірушісі, сондай-ақ темір кенінің  және глиноземнің негізгі өндірушілерінің бірі болып табылады. Eurasian Resources Group өндірістік активтері мен кен орындарын өңдеуге қатысты жобалары төрт континентте де бар.  Сонымен қатар Компания саладағы ірі жұмыс берушілердің бірі болып табылады.  Әлемде Топтың 80 000-нан аса қызметкері бар. Топ акционерлері: Александр Машкевич, Алиджан Ибрагимов және Патох Шодиев.

 

Еуразиялық банктің Баспасөз қызметі:

тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 4945)

press@eubank.kz www.eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.