logo
Қз

Еуразиялық банк журналистерге арналған екінші жыл сайынғы конкурстың басталғаны туралы жариялайды

Еуразиялық банк тәуелсіз медиа-сарапшылардың қолдауымен Республиканың қаржы саласының үздік журналистерін марапаттайды. Кәсіби конкурсқа экономиканың банк саласындағы жаңалықтармен таныстыратын қазақстандық журналистер шақырылады. Конкурстың жүлде қоры – 900 000 теңге. Бас номинация – «Қазақстанның банк саласы туралы үздік материал»: 

  • 1-орын – 300 000 теңге
  • 2-орын – 200 000 теңге
  • 3-орын – 150 000 теңге

Үш бастыға қоса, бес ынталандыру марапаты қарастырылған:

  • Үздік эксклюзив – 50 000 теңге
  • Банктік саладағы инновациялар туралы үздік материал – 50 000 теңге
  • Үздік телевизиялық сюжет/репортаж – 50 000 теңге
  • Аудандық және өңірлік БАҚ-тағы үздік материал – 50 000 теңге
  • Еуразиялық банктің қызметі туралы үздік материал – 50 000 теңге

Конкурсқа қазақ немесе орыс тілінде жарияланған мақалалар, бейнесюжеттер мен аудио бағдарламалар жіберуге болады. Қазылар алқасы коммерциялық негізде орналастырылған жарнамалық материалдар мен сюжеттерді қарастырмайды.
«Конкурс қызықты және өзекті материалдар жасауға қосымша ынталандыру болатынына сенеміз», – деді Еуразиялық банк Басқарма төрағасының орынбасары Анна Бичурина. – Еуразиялық банк журналистерді – ең қызықты және есте қаларлық мақалалар мен эфир авторларын ынталандырады. Біз банктік саладағы оқиғаларды білікті жазатын және заманауи қаржылық өнімдер мен қызметтер туралы таныстыратын кәсіби мамандарды міндетті түрде қолдау керек деп есептейміз. Былтырғы жылы конкурсқа жүзден аса жұмыс жіберілді, бірақ, олар негізінен республикалық басылымдардың материалдары болған. Биылғы жылы біз конкурсқа  қазақ тілінде жазатын өңірлік баспасөз бен БАҚ қызметкерлерін белсендірек қатысуға, сондай-ақ кезекті рет мегаполис журналистерін қалам шеберлігін танытуға шақырамыз.
Жұмыстарды конкурстың сарапшылар алқасы бағалайды:

  • Лев Тараков, «Время» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы;
  • Дмитрий Шишкин, «Литер» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы;
  • Айнура Каргалинова, «LS» қаржылық журналының бас редакторы;
  • Анна Бичурина – Еуразиялық банк Басқарма төрағасының орынбасары, Тең мүмкіндіктер комитетінің төрайымы;
  • Еркеблан Окаев – Еуразиялық банк Басқарма төрағасының кеңесшісі.

 

Конкурсқа 2014 жылғы 1 қаңтардан 1 қарашаға дейін жарияланған жұмыстар қабылданады. 1 қарашадан бастап жарияланымдарды қабылдау тоқтатылады және қазылар алқасы жұмысқа кіріседі. Банк конкурстық бағдарламаға тақырыпқа сәйкес келетін және ашық қолжетімділікте  орналастырылған материалдарды өздігінен қосу құқығына өзі ие болады.
Жұмыстарды «конкурсқа» белгісімен bankeurasian@gmail.com немесе Алматы қ., Қонаев көшесі, 56 мекенжайына жолдауға болады.

Анықтама: 
«Еуразиялық банк» АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде 20 филиалы мен 143 бөлімшесі жұмыс істейді, Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі және Новосибирск қ. филиалы бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+, KZRating: халықаралық шкала бойынша ВВ+, ұлттық шкала бойынша А+, болжам «тұрақты». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі «Қазақстанның үздік банкі» (EMEA Finance – 2013), 2012ж. және 2013ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» (Asian Banking & Finance), «Қазақстанның үздік банкі» (Euromoney) және 2012 ж. «Қазақстандағы жыл банкі» (The Banker) номинацияларындағы марапаттармен расталған.

«Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 4802)
press@eubank.kz
www.eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.