logo
Қз

Еуразиялық банк – Yamaha MotoGP серіктесі

31.03.2014 – Алматы. Қазақстан тұңғыш рет ең беделді әлемдік Moto Grand Prix мотожарыстарға қатысты. Еуразиялық банк осы спорт түрі тарихындағы ең табысты мотосайысшылар – тасжол-айналма мотожарыстары бойынша тоғыз дүркін әлем чемпионы итальяндық Валентино Росси мен төрт дүркін әлем чемпионы испандық Хорхе Лоренцо өнер көрсететін Movistar Yamaha MotoGP командасының серіктесі болды. Сондай-ақ, Еуразиялық банк мотошабандоз Хорхе Лоренцоның тікелей демеушісі болды. Келісімшарт 2016 жылға ұзарту мүмкіндігімен 2014 – 2015 жж. екі маусымға жасалды. Серіктестік туралы 21 наурызда Movistar Yamaha MotoGP сайысшыларының мотоциклдері мен жарыс киімдерінде Еуразиялық банктің таңбасымен осы маусымның алғашқы жарыстары өткен Катарда баспасөз конференциясында ресми түрде жарияланды.

 

«Біз Еуразиялық банктің Қазақстанға MotoGP жарыстар әлемінің есігін аша отырып, серіктестікке Movistar Yamaha MotoGP таңдағанына қуаныштымыз», – деді Лин Джарвис, Movistar Yamaha MotoGP-дің Басқарушы директоры. «Еуразиялық банктің таңдауы – Қазақстанның күннен күнге беделінің артып отырғандығының дәлелі. Біз елде мотоспорт пен жарыстарды дамыту бойынша бірлесіп жұмыс істеуді жоспарладық».

 

Movistar Yamaha MotoGP-мен серіктестік шеңберінде Еуразиялық банк жаңа өнімдер әзірледі: күнделікті сыйақы есептеу және төлеу шартымен ТУРБО-депозиті және Visa Сashback ТУРБО-картасы. Сатып алу кезінде картамен төлем жасалған жағдайда, жұмсалған соманың 0,5% иесінің шотына қайтарылады. Егер мотошабандоз Хорхе Лоренцо жарыста жеңетін болса, қайтарылатын сома артады.

 

«Мотожарыс – бұл жылдамдық, технологиялар және ұдайы инновациялар. Біздің Банктің жұмысы да осы қағидаларға негізделген. Спортта да, бизнесте де бастысы – тек жеңіс қана емес, сондай-ақ ұдайы даму, қауіпсіздік және бірінші болу ниеті», – дейді Еуразиялық банктің Басқарма төрағасы Майкл Эгглтон. «Бұл спорт түрі барлық қазақстандықтарға ұнайтындығына және қашан болса да MotoGP жарыстары осы елде де өткізілетіндігіне күмәнім жоқ».

 

«MotoGP жарыстарында Еуразиялық банк мені өзінің өкілі етіп таңдағанына қуаныштымын және мақтан етемін», – деді Хорхе Лоренцо. «Менің мотоциклім мен киімімде MotoGP-де менімен және менің командаммен бірге тұңғыш рет өзін таныстырып отырған елдегі жаңа демеушінің таңбасы болғанына ризашылығымды білдіремін. Мен Қазақстанмен әзірше таныс емеспін, бірақ осы ел туралы, оның халқы, дәстүрі мен мәдениеті туралы көбірек біліп, кемістіктердің орнын толтыруға тырысамын. Мен міндетті түрде Қазақстанға келемін және осы маусым барысында қазақстандық спорт сүйер қауым біз үшін ғана жанкүйер болатындығына сенімдімін!».

 

Жыл бойы әртүрлі елдердің тректерінде тағы 17 жарыс өткізіледі. Еуразиялық банк қазақстандық телеарналардың бірінде жарыстардың тікелей көрсетілімінің демеушісі болады.

 

Еуразиялық банктің Баспасөз қызметі
Тел:. +7 (727) 2599599 (ext. 4802)
press@eubank.kz
www.eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.