logo
Қз

Еуразиялық банк шетелдік валютадағы төлемдерді өңдеу сапасы үшін марапатқа ие болды.

Еуразиялық банк “2013 жылы шетелдік валютадағы төлемдерді өңдеудің үздік сапасы үшін” беделді марапатын иеленді (STP Award 2013 Excellent Quality). Марапатты жыл сайын Германияның ең ірі Commerzbank AG  банкі төлемдерді қолмен өңдеуді қажет етпейтін ең жоғары пайыздық автоматты өңдеу сапасын  көрсеткен корреспондент банктерге тағайындайды. Бағалау кезінде 5743 шығыс SWIFT– төлемінің деректеріне талдау жүргізілген. Мұндай марапатты Банк 2008 жылы иеленген болатын.

 

Сommerzbank AG — Германияның 1870 жылы 26 ақпанда құрылған ең ірі банктік концерні. Активтер көлемі бойынша (600 млрд Еуроға жуық) Германияда екінші орынды иелене отырып, банк еуропалық банк секторы көшбасшыларының бірі және бірінші дәрежелі еуропалық эмитент болып табылады.  Германияда Commerzbank AG-нің 1200-ден аса еншілес банктері, филиалдары мен өкілдіктері жұмыс істейді. Дүниежүзінің 50-ден аса елінде қызмет көрсете отырып, Сommerzbank AG 1976 жылы батыстық банктердің бірі болып Мәскеуде офисін ашты. Бүгінде банктің өкілдіктері Алматы, Киев, Минск, Ташкент, Баку қалаларында және басқа да ТМД елдерінде жұмыс істейді.

 

«Еуразиялық банк» АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде 20 филиалы мен 143 бөлімшесі жұмыс істейді, Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі және Новосибирск қ. филиалы бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+, KZRating: халықаралық шкала бойынша ВВ+, ұлттық шкала бойынша А+, болжам «тұрақты». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.

 

Банктің табысты қызметі «Қазақстанның үздік банкі» (EMEA Finance – 2013), 2012ж. және 2013ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» (Asian Banking & Finance), «Қазақстанның үздік банкі» (Euromoney) және 2012 ж. «Қазақстандағы жыл банкі» (The Banker) номинацияларындағы марапаттармен расталған.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.