logo
Қз

Еуразиялық банк сауданы қаржыландыру саласында үздік деп танылды

2017 жылғы 14 ақпан, Алматы. «Еуразиялық банк» АҚ Global Finance халықаралық журналының нұсқасы бойынша «Сауданы қаржыландыру саласындағы үздік банктер» («World’s best trade finance providers 2016») номинациясында үздік қазақстандық банк деп танылды.

 

Global Finance 17 жыл бойы жыл сайын «Әлемнің үздік банктері» («World’s Best Bank») зерттеуін жүргізіп келеді. Редакция кеңесі 2016 жылдың жеңімпаздарын әлемнің 83 елінің жетекші банктерінің жұмысын талдау негізінде іріктеді.

 

Жеңімпаздар жасалған мәмілелер көлемін, клиенттерге қызмет етудің географиялық ауқымы мен сапасын, баға қалыптастырудың бәсекеге қабілеттілігін және қаржы институттарының инновациялылық деңгейін талдау негізінде анықталды.

 

Қазақстанның барлық банкі арасында «Еуразиялық банк» үздік деп танылды. Банк басшылығы номинациядағы жеңіс Банктің сауданы қаржыландыру сегментіндегі сала көшбасшысы мәртебесін және оның жетекші позицияларын айғақтайтынын айтып отыр.

 

«Global Finance жүргізген тәуелсіз зерттеудің нәтижесі банк таңдаған даму стратегиясының дұрыстығын растайды. Сауданы қаржыландыру қызметі – нарық қатысушыларына біз ұсынатын маңызды өнімдердің бірі. Компаниялар банк секторы тарапынан қолдауға мұқтаж болып отырған қазіргі жағдайда жұмыстың бұл бағыты ерекше маңызға ие. Біз бұл қолдауды көрсетуге әзірміз және оны кәсіби деңгейде көрсетеміз, Global Finance тарапынан берілген жоғары баға осыны айғақтап отыр», – дейді «Еуразиялық банк» АҚ Басқарма Төрағасы Павел Логинов.

 

Өз кезегінде Атқарушы директор – Сауданы қаржыландыру және қаржы институттары басқармасының бастығы Сабина Дайырбаева: «Біздің жұмысымыздың негізгі мақсаты – клиенттердің  әрбіріне бағытталған, әрбірінің бизнесінің ерекшелігін ескере отырып дербес ұсыныстар жасап, мәселелерін жеке қарастыру арқылы оларды көптеп тартып, ұстап тұру», – деп атап өтті.

 

Анықтама:

 

Global Finance – халықаралық қаржы журналы. 1987 жылы негізі қаланған. Ай сайын шығып тұрады, тиражы – 50 мың дана. Әлемнің 163 елінде таралады. Басылымның штаб-пәтері Нью-Йоркте, өңірлік кеңселері Лондон мен Миланда орналасқан.

 

Еуразиялық банк – барлық сегменттегі клиенттерге өнімдері мен қызметтерін ұсынатын қазақстандық әмбебап банк. 1994 жылы негізі қаланған банк Қазақстанның барлық өңірінде жұмыс істейді. Ресейде (Мәскеу) еншілес банкі бар, оның Новосибирск, Омбы, Челябинск қалаларында филиалдары бар. Соңғы S&P рейтингі: В, «тұрақты» деген болжамға ие. KASE мүшесі, KazPrime-ге қатысушы.

 

Банктің табысты қызметі «Қазақстанның үздік банкі» – IAIR, 2014 ж.; «Қазақстанның үздік банкі» – – EMEA Finance, 2013, 2014 және 2015 жж.; «Қазақстанның үздік бөлшек сауда банкі» – Asian Banking & Finance, 2012, 2013, 2015 және 2016 жж.; «Қазақстанның үздік банкі» – Euromoney, 2012 ж. және «Қазақстандағы Жыл Банкі» – The Banker, 2012 және 2014 жж. сияқты халықаралық басылымдардан берілген марапаттармен мақұлданған.

 

«Еуразиялық банк» АҚ баспасөз қызметі

тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 4802)

press@eubank.kz

www.eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.