logo
Қз

Еуразиялық банк ШОБ-ты 35 млрд теңгеге қаржыландырды

17.03.2014, Алматы. Еуразиялық банк 2013 жылы ШОБ саласының клиенттеріне 35,8 млрд теңге сомасына 829 кредит берді. Бизнесті дамыту үшін ең көп кредит алған Қостанай облысының тұрғындары: мұнда 150 кәсіпорын қаржыландырылды. Екінші орында 81 қарыз алған Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері. Көшбасшылар үштігінде Қарағанды облысы, мұнда Банк ШОБ-тың 79 кәсіпорнына кредит берді. Қаржыландырылатын жобалар құрылымындағы басымдылықтар: сауда-саттық (29,7%), өнеркәсіп (19%) және құрылыс (8,2%).

 

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен ынтымақтастық аясында Еуразиялық банк 146 млрд теңгеден асатын сомаға 136 жобаны қаржыландырды. Атырау облысы бойынша серіктестік аса жемісті болды, нәтижесінде Банк кәсіпкерлерді қолдау мемлекеттік бағдарламаларына белсенді қатысқаны үшін алғысқа ие болды.

 

Шағын және орта бизнес департаментінің басшысы Айдын Досқараевтың айтуынша, ШОБ-қа кредит бөлу – адамдардың бизнесін жетілдіруден қорықпайтындығының, яғни – ертеңгі күндеріне сенімді екендігінің дәлелі.

 

«Шағын және орта бизнес кәсіпорындарымен жұмыс істеу өте тартымды, себебі бұл әр алуан жобалар. Тек өткен жылы ғана біз наубайханалар, фермалар, құс фабрикалары, біржолғы медициналық құралдарды шығару, тіпті өндіріс қажеттілігі үшін жарылғыш өндіру мақсаттарына кредиттер бердік. Шағын және орта бизнес жобалары ел экономикасын алға жылжытып қана қоймайды, сондай-ақ адамдар үшін де қажеттілігі бар».

 

Өткен жылы Банк клиенттеріне бірнеше жаңа кредиттік және депозиттік өнімдер ұсынды, соның қатарында қарыз алушыға жеңіл, жүк және жолаушылар көлігін, сондай-ақ ауыл шаруашылық және арнайы техниканы тиімді талаптарда сатып алуға мүмкіндік беретін «Бизнес авто» өнімі. Ағымдағы төлемдерді қаржыландыруға шағын қарыз қаражаты қажетті клиенттерге Еуразиялық банк орташа айлық кредит айналымының 50% дейін және Клиенттің басқа банктердегі шоттары бойынша орташа айлық кредит айналымының  20% алуға мүмкіндік беретін овердрафт нысанындағы кредиттер ұсынады.

 

Анықтама:
«Еуразиялық банк» АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банк бүгінде Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс істейді, Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+, KZRating: халықаралық шкала бойынша ВВ+, ұлттық шкала бойынша А+, болжам «тұрақты». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» (Asian Banking & Finance), 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік банкі» (Euromoney) және 2012 ж. «Қазақстандағы жыл банкі» (The Banker) номинацияларындағы марапаттармен расталған.

«Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 4802)
press@eubank.kz
www.eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.