Алматы, 2011 жылғы 12 қазан – Еуразиялық Банк 2011 жылдың өткен 9 айындағы қызметінің нәтижесін қорытындылады. Шоғырландырылмаған есептілік негізгі көрсеткіштерінің тұрақты оң динамикасы Банктің озық беделді сенімді және серпінді дамып келе жатқан қаржы институтына айналғандығының айғағы.
2011 жылдың 9 айындағы пайда пен шығын есебі негізгі баптарының серпінділігі 2010 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда:
- Таза пайыздық кіріс 172%-ға артты;
- Провизияларды есептегенге дейінгі таза операциялық кіріс 90,0 %-ға өсті;
- Таза пайыздық маржа (NIM) 147,5%-ға артты;
- Шығыстардың кірістерге қатынасы (CIR) 30,6%-ға қысқарды;
- 2010 жылдың 9 айындағы 1,060 млрд. теңге шығынға қарсы таза кіріс (пайда) 4,087 млрд. теңгені құрады
Кірістіліктің өсу қарқыны, қаржылық көрсеткіштердің жан-жақты жетілуі және бизнестің тиімділігінің артуы Еуразиялық банктің Қазақстанның банк секторындағы көшбасшылардың бірі екенін дәлелдейді.
Заемдық шығындар бойынша резервтер қалыптастырылғанға дейінгі таза пайыздық кіріс 2010 жылдың 1 қазанындағы деректермен салыстырғанда рекордтық 172%-ға артып, 12,2 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіштің серпіні Банк жұмысы тиімділігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі саналатын таза пайыздық маржаның үздіксіз артуымен байланысты.
2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда таза пайыздық маржа өткен кезең үшін 147,5%-ға немесе шамамен бір жарым есеге артып, 5,2%-ды құрады.
Провизияларды есептегенге дейінгі таза операциялық кіріс 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 90%-ға артып, 17,9 млрд. теңгені құрады. Мұндай қарқынды өсім, біріншіден, клиенттерге берілген заемдар бойынша пайыздық кірістің 31%-ға артуымен, шетелдік валютамен жүргізілетін операциялар бойынша кірістілікті арттырумен және артық өтімділікті төмендету есебінен пайыздық шығындарды қысқартумен байланысты болды.
Есепті кезеңде таза кіріс 4,087 млрд теңгені құрады, ол Еуразиялық банктің тарихындағы рекордты жоғары көрсеткіш болып табылды. Ағымдағы жылдың басынан бастап Еуразиялық банктің тұрақты өсу серпінін атап өту қажет: 2011 жылдың 9 айындағы Банктің таза пайдасы 5 еседен артық өсті (шоғырландырылмаған аудиторлық есептілікке сәйкес 2022 жылдың 1 қаңтарына – 771,4 млн теңге).
Ағымдағы жылы таза пайданың өсуіне ықпал ететін негізгі фактор, бір жағынан, сапалы несиелер үлесін арттыру және екінші жағынан, бір жағынан, сапалы несиелер үлесін арттыру және екінші жағынан, Банктің несие портфелі құрылымындағы жұмыс істемейтін заемдар көлемін төмендету болып табылды.
Банктің несие портфелі құрылымындағы жұмыс істемейтін заемдар көлемін төмендету болып табылды.
Банктің активтері өткен кезеңде 6,1%-ға өсіп, 2011 жылдың 1 қазанында 355,9 млрд теңгені құрады. Активтердің өсуі, негізінен, есепті кезеңде несие портфелінің айтарлықтай ұлғаюымен байланысты болды.
Ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Банктің несие портфелі жылдың басынан 17,8 %-ға және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,7 %-ға артып, 263,7 млрд теңгені құрады.
Несие портфелінің осыншалықты әсерлі серпінділігінің негізгі себептері дағдарыстан кейінгі кезеңде Қазақстан экономикасын сауықтыру және корпоративтік сегментте де, сондай-ақ бөлшек бизнес сегментінде де жаңа клиенттерді тартуға мүмкіндік берген «Еуразиялық банк» АҚ бизнесінің сенімділігі болды.
Бұл ретте несие портфелінің құрылымы келесідей: корпоративтік клиенттерге арналған несиелер – 150,1 млрд теңге, шағын және орта бизнес секторы – 49,3 млрд теңге және бөлшек сегмент – 64,2 млрд теңге.
Банк активтерінің тұрақты жоғары сапасын атап өту қажет, бұл ретте жабу коэффиценті 129,6%-ды құрайды.
Банктіңқаржылық тұрақтылығының негізгі көрсеткіші – Банктің меншік капиталы – ағымдағы жылдың тоғыз айында 37,3 %-ға артып, 32,5 млрд теңгені құрады. Капиталдың өсуі, негізінен, пайданы капиталға айналдыру есебінен артып отыр, ол негізгі акционерлердің Банкті елдің жетекші қаржы мекемелерінің біріне айналдыруды мақсат тұтатынын дәлелдейді.
Капиталдың тиімділігі (ROAE), өз кезегінде, 19,2% деңгейіне жетті, ал шығыстардың кірістерге қатынасы (CIR) Банк басшылығы жоспарлаған 60 % бақылау белгісінен төмендеп, 58,4%-ға дейін қысқарды.
2011 жылдың 9 айындағы жұмысты қорытындылай келе, Басқарма төрағасы Майкл Эгглтон былай деді: «Банк есепті кезеңде тұрақты даму жолына шығып, өзінің 17 жылғы тарихында ең үздік нәтижелерге қол жеткізді. Мен нағыз сенімді, кәсіби және ашық қаржы институты – Еуразиялық банкті басқарғанымды мақтан етемін».
«Еуразиялық банк» АҚ қажетті өтімді құралдар қорына ие және қажеттілігі болғанда қосымша қаржыландыру көздерін пайдалану мүмкіндігіне ие.
2011 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Банктің клиенттік базасы 409 715 клиенттен тұрады, соның ішінде – 397 678 жеке тұлға және 12 037 заңды тұлға. Банктің филиалдар желісіне Қазақстанның барлық өңірлерінде орналасқан 18 филиал мен 48 бөлімше кіреді.
ҚЕХС бойынша шоғырландырылмаған қаржылық есептілік, сондай-ақ Еуразиялық банк туралы басқа да ақпарат Банктің www.eubank.kz сайтында орналастырылған.
«Еуразиялық банк» АҚ-ның баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 259 79 00 (3288)
Inna.Dubrovina@eubank.kz