logo
Қз

Еуразиялық банк ипотекалық кредиттерді дамытуда

18.03.2014, Алматы. Теңгенің құнсыздануына қарамастан, Еуразиялық банк теңгелік қарыздарды басты назарға ала отырып, ипотекалық қарыздарды сенімді түрде дамытуда. 2014 жылдың басынан бері Банк клиенттеріне ақпан айындағы сомасы 240,6 млн теңге 27 ипотекалық кредитті қоса (28.02.2014ж. деректер бойынша), жалпы сомасы  402,2 млн теңгеге 40 ипотекалық қарыз берді. 2013 жылы Еуразиялық банк жалпы сомасы 3,3 млрд теңге 521 ипотекалық кредитті қаржыландырды.

 

Банктің мәліметтері бойынша ипотекалық кредиттер көбінесе Астана, Өскемен және Алматы қалаларында сұранысқа ие. Мысалы, 2013 жылы Астана қаласы бойынша   37%, Өскеменде 14% және Алматыда 10% ипотекалық кредит ресімделді. Барынша танымал клиенттің сипаты – тұратын өңіріне байланысты 50 000-нан 300 000 теңгеге дейін орташа табысы бар, 23 пен 59 жас аралығындағы ер адам. 2013 жылы берілген  ипотекалық кредиттің 100% – теңгеде.

 

«Біз доллардағы ипотекалық кредиттерден 2010 жылдың басында-ақ бас тартқанбыз. Банк портфелінде қалған доллардағы кредиттер алдыңғы жылдары берілген болатын. Табыс көзі валютасында қарызға ақша алу – әдеттегі әлемдік тәжірибе. Соңғы оқиғалар бұл әдістің қарыз алушылар үшін де, банктер үшін де дұрыстығын дәлелдеді», – дейді Еуразиялық  банктің Басқарма төрағасы Майкл Эгглтон.

 

Қазақстанның ірі құрылыс салушылары – “Ромул” ЖШС және “Шар-Құрылыс” ЖШС компанияларымен ипотекалық кредит беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдер аясында 2013 жылы Астана қаласында 196 клиент жаңа пәтерде қоныс тойын тойлады. Ең көп сұраныста болған ауданы 36,7-ден 62,3 ш.метрге дейінгі бір бөлмелі пәтерлер, екінші орында – ауданы  59,4-тен 87,9 ш.метрге дейінгі екі бөлмелі пәтерлер.

 

«Ипотекалық кредит беру Банк бизнесінің стратегиясында нақты орын алады, ақшаның құнсыздануы жоспарларға айтарлықтай түзету енгізген жоқ. Біз ипотекаға, өнім ретінде, қызығушылықтың төмендегенін байқамадық», – дейді бөлшек бизнес бағытына жетекшілік етуші Басқарушы директор Бертран Госсар.
Еуразиялық банктің ипотекалық кредиттерін бөлімшелерде ғана емес, сондай-ақ төлем терминалдары, банкоматтар және Smartbank интернет жүйесі арқылы өтеуге болады. Егер клиенттің жалақысы Еуразиялық банктегі шотқа аударылатын болса, клиент ұзақ мерзімді талап-тапсырма ресімдей алады. Бұл жағдайда Банк кредит бойынша ай сайын өтеу сомасын клиенттің шотынан өздігінен және уақытында аудара алады.
 

Анықтама:
«Еуразиялық банк» АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банк бүгінде Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс істейді, Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+, KZRating: халықаралық шкала бойынша ВВ+, ұлттық шкала бойынша А+, болжам «тұрақты». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» (Asian Banking & Finance), 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік банкі» (Euromoney) және 2012 ж. «Қазақстандағы жыл банкі» (The Banker) номинацияларындағы марапаттармен расталған.

«Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 4802)
press@eubank.kz
www.eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.