logo
Қз

Еуразиялық банк шілде айында автокредиттердің рекордты санын берді

Еуразиялық банктің кредиттерінің  арқасында ағымдағы жылдың шілде айында 4670 қазақстандық жаңа көліктерге ие болды.  Бұл – нарық үшін абсолюттік рекорд.

 

Еуразиялық банк ҚР автокредит беру нарығында  53-пайыздық үлесті орын алады. Ағымдағы жылдың  7 айының ішінде банк 23 000-нан астам  автокредиттер берді. Салыстыру үшін:  2012 жыл бойы  13 000 қазақстандық Еуразиялық банктен жаңа автокөлік сатып алуға  кредит алды. 2013 жылы Еуразиялық банк 32 688 көлікті сатып алуды қаржыландырды.

 

«Қазақстандықтар жаңа автокөліктер сатып алуға басымдылық беруде. Нарық өсті, бірақ біз барлық өңірлердегі автоделдалдардың  басым бөлігімен жұмыс жасай отырып, бәрінен де жеделдетіп өсу үстіндеміз. Біздің болжамымыз бойынша таяу жылдарда автокөліктерге сұраныс өсе түсетін болады. 2014 жылы біз  50 000-ға жуық автокредит беруді жоспарлап отырмыз», – дейді  Еуразиялық  банктің атқарушы директоры  Дмитрий Мусиенко.

 

Қазақстандықтар Банкке жүгінетін автокредиттің орташа сомасы  2,4 миллион теңгеге жуық соманы құрайды. Еуразиялық банктің  статистикасына сәйкес, көбінесе ер адамдар, жеке компанияларда жұмыс істейтін 21-ден 45 жасқа дейінгі менеджерлер автокредит алады. Берілген кредиттердің 64%-ы Астана, Алматы, Атырау, Ақтау және Ақтөбе қалаларына келеді. Қазақстандықтардың арасында LADA маркалы машина кеңінен тараған, автокредит алушылардың көпшілігі осы машинаны сатып алуда (40%). Рейтингте екінші және үшінші орынды  Kia (15%) и Chevrolet (10%) машиналары алады. Еуразиялық банктің Қазақстан бойынша   орналасқан 170 автосалонында  автомобильді  кредитке сатып алуға болады.

 

Анықтама:                
«Еуразиялық банк» АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде 20 филиалы мен 143 бөлімшесі жұмыс істейді, Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+, KZRating: халықаралық шкала бойынша ВВ+, ұлттық шкала бойынша А+, болжам «тұрақты». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.

Банктің табысты қызметі 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» (Asian Banking & Finance), 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік банкі» (Euromoney) және 2012 ж. «Қазақстандағы жыл банкі» (The Banker) номинацияларындағы марапаттармен расталған.

 

«Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 4802)
press@eubank.kz
www.eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.